Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінде оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту жолдары



бет8/11
Дата26.01.2023
өлшемі101,86 Kb.
#63053
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
аза тілі мен дебиет п ндерінде о ушыларды функционалды сауа

- Оқып отырып не істедіңіз?
- Оқығаннан кейін ше?
(төмендегі стратегиялармен салыстырыңыздар)


Оқудың алдында мен...
Орындайтын тапсырмаларды түсінетіндігімді тексере аламын;
Мәтіннің /суреттердің / кестелердің/ сызбалардың аттарымен және тағы басқа сілтемелермен таныса аламын.
Осы мәтінде пайдаланылуы мүмкін сөздерді ойластыра аламын;
Өзім игерген энциклопедиялық білімдерді қолдана аламын (мәтіннің мазмұнын алдын-ала болжау, т.б).


Оқып отырғанда мен...
*мәтіннің түрін анықтай аламын (тарих, жаңалық және т.б.);
Мәтінді жылдам оқып, негізгі идеясын түсіне аламын;
Мәтін кім үшін жазылғанын түсіне аламын (нысаналы аудитория);
Автордың мақсатын анықтай аламын (сендіру, хабардар ету, суреттеу);
Егер мәтіннің жеке бір бөліктерін түсінбесем, үрейленбеймін, бұл қалыпты жағдай;
Таныс сөз бен сөз тіркестерін таба аламын;
Атаулар мен аттарға, тыныс белгілерінің қолданылуына көңіл бөлемін;
Таныс емес сөздерді елемей қалдыра аламын;
Грамматикалық құрылымдардың (шақ, сөздердің орны) байланысын орната аламын;
Логиканы пайдалана аламын.


Оқығаннан кейін мен...
нәтижені талдап, ненің сәтті шыққанын анықтай аламын;
Оларды cөйлегенде, жазуда пайдалану үшін қажетті сздер мен сөз тіркестерін теріп жаза аламын;
Пайдаланылған стратегияларды талдай аламын;
Анағұрлым тиімді стратегияларды сыныппен талдай аламын.


Оқылымға арналған тапсырмалар:
1. Біз қандай стратегияларды пайдаланамыз?
Тапсырмалар беріледі. Орындап болғаннан кейін, оқушылар пайдаланған стратегиялардың қайсысы тиімді болғанын анықтау мақсатында жоғарыда айтылған стратегиялармен салыстырады, сынайды.
2. Топта оқу
Сабаққа дайындалудың алдында мұғалім көлемі үлкен мәтінді алып, параграфтарға бөледі де әр топқа бір-бір параграфтан береді. Оқушылар өз мәтіндерінің негізгі мағынасын беру керек. Талқылаған кезде мейлінше тиімді қорытынды шығарады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет