Өзіңнің қандай жадың басым екенін анықтап ал да, оны жиі пайдалан. Егер сенің көру жадың басым болса, яғни көргеніңді есте жақсы сақтайтын болсаң, онда суреттерді, сызбаларды, карточкаларды, мәтіндерді, т.б. көз алдыңа елестет. Ал есту жадың басым болса, мұғалімнің түсіндіруін, әріптестермен талқылауларды, т.б. есіңе түсіру арқылы біліміңді бекіт.
б. Оқулық мәтінін оқу тапсырмаларымен салыстыру
Оқу тапсырмаларын оқып шық. Оқу тапсырмасын орындау үшін өзіңнің нені білетініңді және жаңадан нені меңгергеніңді анықта.
в. Білімді қолдану
Оқу тапсырмаларын орындау үшін жадыңда жаңғырғанақпараттан қажетті мәліметтерді белгіле.
Тақырыптағы оқу тапсырмаларын ретімен сабақтастыра орында. Алған білімді оқу тапсырмаларымен салыстыр. Оқулықтағы алғашқы 2-3 тапсырманы оқып шық. Егер ол тапсырмаларға жауабың толық болмаса, сабақтың мәтінін қайта оқып шығу қажет.
* Ақпарат – объектілер қасиеттерінің (жағдайларының) сигналда бейнеленуі немесе сигналға жасанды енгізілген, қабылданып, жаңара алатын хабар.
** Негізгі сөз- басқа негізгі сөздермен біріге отырып, мәтінді білдіретін мәтіндегі сөз. Негізгі сөз мәтін талдаудағымәтіннің мазмұнын білдіретін сөздер жиынтығы.
Негізгі сөздер - мәтінде жиі ұшырасатын сөздер
Негізгі сөздер көбінесе мәтіннің тақырыбы болып келеді
Әдетте, негізгі сөздер (тіркестер) бір бетте (мәтіндегі) кем дегенде 3-4 рет кезедеседі.
Тапсырма 1.Рецензия жазуға қойылатын талаптары.2. Әдіс түрлері, сабақта қолдану мүмкіндіктері.