Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет108/124
Дата24.05.2023
өлшемі0,65 Mb.
#96333
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   124
Әдістемелік нұсқаулық.

1.Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер. Астана,2014.
2.Қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» жəне «Қазақ əдебиеті» пəндері бойынша педагогкадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015


8-тақырып: Жаңартылған білім мазмұнындағы сабақ құрылымы
Тапсырма : Ұзақ мерзімді жоспарды талдау. Орта мерзімді жоспарды талдау. Қысқа мерзімді жоспар жасау.
Бағалау критерийі ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі, негіздемесі. Әр критерийдің дескрипторлары (әрбір нақты жұмыс үшін) болады, онда мектеп тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дескрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатқа жетуін анықтайды
Бірлескен оқу Бұл тәсілдің аясында оқыту білім берушілер мен білім алушылар арасындағы тығыз қарым-қатынас негізінде ұйымдастырылып, оқыту үдерісіне қатысушы әрбір жеке тұлғаның жеке үлесі мен қабілеті мойындалады. Үдеріске қатысушылар ақпаратты бірлесіп отырып белсенді іздеу, талқылау, талдау және жинақтау арқылы жаңа білім алады. Жұмыс тиімді болуы үшін, ынтымақтастық оқу жағдайында өкілеттік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінеді.Ынтымақтастық оқудың алғышарты топ мүшелерінің бірлесіп әрекет етуі арқылы ымыраға, бір келісімге келуіне негізделген.
Диалогтік оқыту Мұғалімнің оқу материалын оқушыларға түсіндіріп, оқушылардың сол оқу материалын меңгеруі мақсатында оқу материалын дайындаудың және баяндаушы әңгіме жүргізудің нақтылы реттеуші ережелерін ескере отырып құрылған оқыту мен оқу тәсілі. Оқушыларды мәселені (проблеманы) анықтап, оны шешуге итермелейді және олардың оқудағы іс-әрекеттерін белсенді етуді көздейді. Дәйекті пайым жағдай туралы өз пайымын шешім қабылдаусыз көрсету құқығы
Жиынтық бағалау білім алу кезеңдері мен сатылары аяқталғанда болатын бағалау, белгілі мерзім бойынша оқушының дайындық деңгейінің көрсеткіші болып табылады, бағалаудың бірыңғай критерийлерінің негізінде жүзеге асады.
Кері байланыс белгілі бір әрекетті немесе оқиғаны түсіну, игеру, онымен келісіп, келіспейтіндігін көрсететін белгілі бір әрекет немесе оқиға туралы пікір, баға беру, жауапты реакция.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет