Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет4/124
Дата24.05.2023
өлшемі0,65 Mb.
#96333
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124
Эмфазалық екпін-сөз ішінде дауысты дыбысты созып ,созыңқырап оқу арқылы сан алуан көңіл күйін қүбылысын беретін жағдайды айтамыз.
Таңдау – обьективті және субьективті жағдайлардың күрделі диалектикасы, оқушының өзін субьект ретінде әрекет ететін сыртқы ортамен өзара әсер ету әрекеті.
Шығармашылық ойлау- өз бетінше және белсенді ойлау, бірақ кез келген белсенді ойлау өз бетінше ойлау емес және кез елген өз бетінше ойлау шығармашылық ойлау емес.
Танымдық ізденімпаздық – дара тұлғаның өзінің танымдық іс-әрекетін өз күшімен ұйымдастыруы және оны жаңа тынымдық проблеманы шешу үшін қолдана білетін жеке адамның сапасы.
Сын тұрғыдан ойлау- болашаққа мүмкіндік беретін ерекше қабілет, ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың бастапқы пункті болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады, бұл ойлау әлеуметтік болып табылады.
Жаңашыл ұстаздар – оқу-тәрбие процесінде ешкімге ұқсамайтын өзіндік жұмыс ерекшелігі арқылы үлкен нәтижелерге жетіп жүрген іскер мұғалімдер.
Десант –сабақ – озат тәжірибені таратуда кейбір үздік мұғалімдер әдістемелік кеңес әдіскерлерінің ұйғарымымен алдын-ала пән мұғалімдерімен келісе отырып, кез келген мектепке келіп сабақ беруі.
Анализ – грек тілінен алынған термин сөз, қазақша ыдырату деген мағынаны береді. Белгілі бір тақырыптарды жігіне, тегіне қарай ажыратып, ыдыратады.
Синтез – грек тілінен алынған термин сөз, қазақша біріктіру, жинақтау дегенді білдіреді. Бұл термин белгілі бір жеке бөлшектерден бүтін жасау деген мағынада қолданылады.
Индукция- латын тілінен енген термин, даралық дегенді білдіреді. Индукция – жеке, дара бөлшектерден не жеке пікірлерден жалпылай ой қорытындысын шығарудың тәсілі, амалы, дарадан жалпыға қарай көшудің түрі.
Дедукция- латын тілінен енген сөз, жалпылық деген мағынаны білдіреді. Бұл жалпыдан дараға қарай ой қорытындысын шығару деген сөз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет