Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Методология – гректің зерттеу, әдіс, ілім деген сөздерінен алынған термин. Методика



бет5/124
Дата24.05.2023
өлшемі0,65 Mb.
#96333
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124
Байланысты:
keshen adisteme, 2022

Методология – гректің зерттеу, әдіс, ілім деген сөздерінен алынған термин. Методика- білім беру құралдарының жиынтығы, методология осы білім беру
құралдарын басшылыққа алатын негіздер.
Тәлім – оқушыларға берілетін теориялық білім мен практикалық даңды.
Лекция- гректің оқу деген сөзінің мәнін береді. Лекция мұғалімнің белгілі бір тақырыпты ауызша мазмұндап түсіндіруі, оқушы алдында баяндама жасауы, арнайы тақырыпқа хабалама беруі.
Семинар – сабақ- білім мен білікті, дағдыны толықтыра түсу мақсатында жүргізілетін жұмыс түрі.
Конкурс –сабақ – латынның жарыс деген сөзінен алынған атау. Негізгі мағынасы- жарысқа түсу, жарыста, жиында, топ ішінде сынасу дегенді аңғартады. Бұл оқушы ойының жетіктігін байқау мақсатында жүргізіледі.
Қирағат- баяндап оқыту





Пәннің мақсаты мен міндеттері:

Мақсаты: Студенттерге мектепте қазақ әдебиетін оқытудың әдіснамалық негіздері мен әдістемелік жүйесін, тілді меңгертудің практикалық жолдарын үйрету арқылы кәсіби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы жетілген, ұлттық ділі қалыптасқан, бәсекеге қабілетті, ғылыми және интеллектуалдық әлеуеті жоғары маман даярлау

  • Міндеттері: студенттерге қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздерін меңгерту;

  • студенттерді әдістеме ғылымындағы жаңа бағыттармен таныстырып, оны оқыту үдерісінде тиімді қолданудың жолдарын үйрету;

  • қазақ әдебиеттану салаларын мектепте оқытудың әдістемелік жүйесін меңгерту;

  • пән бойынша базалық-нормативтік құжаттар мен оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді талдап, тануға үйрету, оларды оқыту үдерісінде басшылыққа алып, пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

  • өз бетінше әлемдік педагогика ғылымындағы жаңа әдістемелерді меңгеруге дағдыландыру;

  • білім берудің жаңа технологияларымен таныстырып, оны оқу үдерісінде пайдаланудың жолдарын үйрету;

  • болашақ мамандарға қазақ әдебиетін оқытудың жолдарын игерту (мектеп оқушыларының білім, білік, дағдылары мен білім сапасын бақылауды меңгерту, білім нәтижелерін сараптау және оны жетілдірудің жолдарын табуға баулу);

  • өзінің кәсіби біліктілігі мен құзыреттіліктерін үздіксіз дамытуға төселдіру;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет