Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет38/124
Дата24.05.2023
өлшемі0,65 Mb.
#96333
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   124
көркемдік-эстетикалық біліктілік - әдеби шығарманы көркемдік тұрғыдан игеру дағдыларын қалыптастыру арқылы жастардың көркемдік эстетикалық талғамының, рухани адамгершілік қасиеттерінің өсуі;

  • құндылық біліктілік – жастардың өзін-өзі және қоғамдық әлеуметтік ортаны дұрыс тани білуіне, дұрыс бағдар ұстануына ықпал ететін дүниетаным негіздерінің қалыптасуы;

  • оқу (интелектуалдық) біліктілік – оқу үрдісінде мақсаттылық, жоспарлылық, жүйелілік, шығармашылқ сипаттардың ұштасуы;

  • ақпараттық біліктілік- әдеби, мәдени дамуға байланысты жаңа ақпараттарды тиісті дерек көздерінен өздігінен іздеп табу, пайдалану іскерліктерінің қалыптасуы;

  • әлеуметтік біліктілік – оқушылардың әдеби-көркемдік шындықты дұрыс түсіну және бағалау дағдыларын өмірлік тәжірибеде қолдана білуі, әлеуметтік ортада өз орнын табуға бейімдеу.

    Әдебиетті оқытуда мынадай мәселелер шешімін табуға тиіс:

    • оқушылардың көркем шығарманы талғампаздықпен түйсіну, эстетикалық тұрғыдан қабылдау, эстетикалық бейнелілік жүйені талдай білу қабілетінің артуы;

    • түрлі ұлттар әдебиетіндегі тақырыптық, идеялық, сюжеттік ұқсастықтарды, бейне жасаудағы типологиялық байланыстарды анықтай білуінің іске асуы;

    • көркем шығарманы тану арқылы қоғамдық-әлеуметтік ортадағы өз орнын таба білуі;

    • эстетикалық талғам мен көркемдік таным дағдыларының қалдыптасуы;

    • оқушылардың сөз мәдениетінің, тіл талғамының орнығуы.

    Әдебиетті оқу және талдай тану нәтижесінде келесі шешуші біліктер жүзеге асуы тиіс:

    • әдеби теориялық біліктілік - әдебиеттегі тектер, түрлер, жанрлар, тақырып, идея, сюжет, композиция, көпркем тілі, бейнелілік, образ, кейіпкер, көркемдік шындық, өлең құрылысы, шығармашылық, автор тілі сол сияқты негізіг мәселелерге байланысты теориялық түсініктердің қалыптасу;

    • әдеби тарихи біліктілік- әдебиеттің даму заңдылықтары, ұлттық және әлемдік әдебиеттің тарихи кезеңдері, олдарға тән негізгі сипаттар, шығармашылық тұлғалар мен басты туындылар, ағым бағыттар мен көркемдік әдіс-тәсілдер жайында білім негіздерін игеру;

    • әдеби шығармашылық біліктілік- оқушылардың шығармашылық тұрғыдан ойлауы, ой-пікірлерін әдеби, көркем тілмен жүйелі жеткізуі.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   124




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет