Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет40/124
Дата24.05.2023
өлшемі0,65 Mb.
#96333
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   124
Оқу бағдарламалары мен оқулықтар
Мектепке арналған қазақ әдебиетінің алғашқы оқулығы 1933 жылы «Қазақстан» баспасынан М.Жолдыбаев, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев құрастыруымен «ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу кітабы» деген арпен басылып шықты. Бұл оқулық 7-сыныпқа арналды. Алғашқы оқулық болғандықтан авторлар кітапты жазу үстінде көптеген қиыншылықтарға кездесті. Оған уақытттың тығыздығы, бекіген бағдарламаның бұрын жазылған оқулықтың жоқтығы, айтылған дәуірдің экономикасын зерттеген материалдардың болмағандығы, сол дәуірдің кітап болып жазылмағандығы, ақын-жазушылардың өмір тарихы туралы тұрақты материалдардың жетіспеушілігі сияқты мәселелер де себебін тигізді. Сонымен қатар ол кезде оқулық теориясы нақтыланған еңбектер де жоқтың қасы еді.
Ал қай уақыт, қай заманда болмасын оқытудың мектептік, сыныптық жүйесінде адамзат өзінің ұзхақ тарихында жинақтаған білім тәжіроибелерін, ашқан ғылыми жаңалықтарын, жасаған рухани-мәдени құндылықтары мен тәрбие, өнеге үрдістерін келешек ұрпағына жеткізудегі негігі құрал оқулық болып табылады. Сондықтан білім беру ісін қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымынан, мәдени құндылықтарынан, ұлттық дәстүр, рухани негізінен бөлек ұйымдастыруға болмайды. Сонымен қатар, онда ғылым мен педагогиканың барлық талаптары да ескеріліп осы екі арна мемлекеттік оқу бағдарламаларында, сол негізде құрылған оқу құралдарында көрініс тауып кіріктірілуі қажет. Мектепте бағдарлама орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленеді.
Жаңартылған білім бағдарламасында «Қазақ әдебиеті» пәні бағдарламасы үш негізгі дағдыны басшылыққа алады:
1) түсіну және жауап беру;2) анализ және интерпретация;3) бағалау және салыстыру.1) түсіну және жауап беру дағдысы шеңберінде оқушы ұсынылған әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды, кейіпкерлер портреті мен образын ашады; шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқиды, жатқа айтады; әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын түсініп, пікір алысады;2) анализ және интерпретация дағдысын игеру арқылы білім алушы салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табады; шығармадағы тілдік бейнелеу: теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер мен қайталауларды табады, өлең құрылысын талдап үйренеді; эпикалық шығармадағы автор бейнесін табады; көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазады;3) бағалау және салыстыру дағдысы арқылы шығарманың тарихи құндылығын бағалайды; кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалайды; шығармадағы мәселеге өз ойын қосып әдеби эссе; сыни хабарлама жазып үйренеді.

Оқулық дегеніміз – ғылымды педагогикалық тұрғыда баяндайтын құрал. Белгілі теоритик С.Г.Шаповаленконың «Учебник в системе средств обучения» (М., Педагогика,1974ж 13-бет) кітабында: «Оқулық- ғылым негіздерін меңгеру үшін оқушыларға арналған құрал. Оқулықтарда белгілі бір мөлшерде оқу пәндерін оқыту әдістемесі де көрініс табады»,-деген тұжырымы, ғалым М.Н.Скаткиннің «Прблемы теории учебника в отчественной дидактике» ( Часть 1.-М., 1992ж. 26-27 бб) еңбегінде: «Оқулыққа белгілі бір мөлшерде оқыту әдістемесі де ендірілген. Бұл мағынада оқулық алдағы оқу қызметінің өзінше бір сценарийі(бастапқы нобайы, жобасы) болып табылады»,- деген пікрлері оқулықтың іс жүзінде оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде де пайдаланатынын көрсетеді.


Педагогика энциклопедиясында: «Оқулық дегеніміз – оқытудың бағдарламада белгіленген мақсаттарына және дидактика талаптарына сәйкес белгілі бір оқу пәні бойынша ғылыми білімдердің негіздерін баяндайтын кітап», -деп анықтама берілген дейді белгілі ғалым А.Құсайынов ( Құсайынов А., Асылов Ұ. Оқулықтанудың өзекті мәселелері.-А: Рауан, 2000 16-б.) Шындығында оқулық оқу материалына онымен жұмыс істеу әдістемесін қоса ұсынады, яғни мұғалімге оқу материалын қалай оқытып меңгертудің амал-әдістерін, тәсілдерін көрсетіп береді, сөйтіп оқулықта білім беру мақсаттары мазмұн мен әдістері түрінде нақтыланып беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет