Әдебиет пәнінен оқу үрдісін ұйымдастыру барысында төмендегідей мәселелерге назар аудару қажет:
ұсынылған көркем мәтіннің мазмұныны түсініп игеру;
тілдік қолданыстың мағыналық, эмоционалды эксперессивті, бейнелілік ерекшеліктерін тани білу;
көркем бейне мен көркемдік шындықтың ерекшеліктерін, байланыстылығын ажырата білу.Осы негізде оқушының өмірдік көзқарасы мен дүниетанымын қалыптастыру;
ұсынылған материалдар негізінде әдеби даму зыңдылықтарын ашуға бағдар ұстану, соған орай қоғамдық-әлеуметтік өмірдегі жаңа құбылыстардың мәнін түсіне білуге үйрету;
Ұлттық және әлемдік әдебиет үлгілерін салыстыра оқыту нәтижесінде ұлттық мәдениет пен тарихты, салт дәстүрлерді құрметтеу, оларға деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыруға бағдар ұстану;
Бағдарлама – мемлекеттік құжат. Бағдарламада оқу материалдары іріктеп алынады. Бағдарлама – нақты білім берудің құжаты болса, оқулық- мектепте білім алудың, мұғалімдердің білім беруде басшылыққа алатын жұмыс жүйесінің тірегі, құралы. Ол бағдарлама мен дидактиканың талаптарына сай нақты оқу пәнінің мазмұныны ғылыми негізде жүйелеп, баяндайтын оқу кітабы. Оқулыққа енетін әдеби шығармалар оқушыға білім берумен қатар тәрбие беру мақсатын көздейді.
Бұл пән 5-8 сыныптарда әдебиеттік оқу түрінде, 9-11 сыныптарда тарихи әдебиеттік курс болып екі жүйеде оқытылады. Бұл бағдарламалардың құрылысы мен мазмұнында және әрқайсысының алдына қоятын мақсаты мен міндетінде өзіне тән өзгешеліктер бар. Мысалы, 5-8 сыныптарда әдебиеттің тарихы өтілмейді.
Қазақ әдебиеті жеке пән ретінде оқу жоспарына кіргізіліп,1932 жылы оның бірінші программасының нұсқасы жасалды. Әдебиет пәнінің программасын жасау әдебиеттану ғылымының қандай дәрежеде екніне тығыз байланысты болды. Бұл жерде «Мектепте оқытылатын әрбір пәннің программасы әдетте, сол пәнді тексеретін ғылымға арқа сүйеді, соны таяныш, негіз етеді, программаның мазмұны сайып келгенде , сол ғылымның өсу, даму дәрежесіне сай болды.,- деді А.Ысқақаов 1957 жылы «Мектепте ана тілі мен қазақ әдебиетін оқыту жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмысының жайы мен міндеттері. Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларының республикалық кеңесінде жасаған баяндамасында. Программа жасау мен оқулықтар жазу мәселесі әдебиеттану ғылымына тірелетін болса, 30-жылдардағы қазақ әдебиетінің оқу құралдары әрі оқулық, әрі ғылыми-зерттеу еңбектерінің мәндетін атқарды. Осы дәрежеде көрінген ең алғашқы еңбек С.Мұқановтың 1932 жылы шыққан «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» атты оқулығы. Қазақ әдебиеттану ғылымында бұл оқулық ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін және жазушының өз творчествосын тексерген ғылыми-зерттеулерде әр түрлі баға алып келді.
«Қазақ әдебиеті» бағдарламасы қандай бағдарлы мектепке арналып жасалмасын, ол пәннің негізгі қызметін жүзеге асыруға бағытталады және мемлекеттік білім стандартында белгіленген білім мазмұны мен оқу нәтижесінің жоспарланған түрі болып табылатын оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар негіздерін міндетті түрде сақтайды.
Бағдарламада ауызша және жазбаша жұмыстардың түрлері көрсетілмейді. Ол мұғалімнің өз қалауында қалады. Оқушылардың шығармашылық қызметтерін дамытуға арналған тапсырмалар оқулық қызметіне қалдырылады.
Бағдарламадағы әрбір тақырыпқа бөлінген сағаттарға мұғалім нақты жағдайларға байланысты тақырыпішілік, блогішілік өзгертулер жасай алады., тек базистік оқу жоспарында бекітілген жалпы сағат санын өзгертуге болмайды.
Білім беру ұйымдарында «Қазақ әдебиеті» пәні мына бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады:
Білім берудің негізгі бағдарламалары –(жалпы орта білім беретін мектептің негізгі сатысы) ЖОБ МНС- арналған (5-9сыныптар) «Қазақ әдебиеті» бағдарламалыры;
Бағдарлы білім беру бағдарламалары – қоғамдық-гуманитарлық бағдарындағы мектептің 10-11 сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» бағдарламасы; жаратылыстану- математикалық бағдарындағы мектептің 10-11 сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» бағдарламасы;
Қазақ әдебиеті пәнін тереңдетіп оқытуға арналған бағдарлама (8-11 сыныптар);
Қосымша білім беру бағдарламалары, бағдарлы мектепке арналған жоғарыдағы екі бағдарлама, МНС (мектептің негізгі сатысы)оқушыларына қазақ әдебиетін толық меңгерту мақсатындағы таңдау курстарының «Абайтану» курсы, «Әдебиет теориясы», «Жазба жұмыстары», «Жыраулар поэзиясы», «Балалар әдебиеті», «Ежелгі дәуір әдебиеті», «Әлем әдебиеті» т.б.
Қосымша білім беру бағдарламасы топпен немесе жеке жүргізілетін факультативтік және арнайы курстарды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады. Оны мектепте дайындайды және білім беру саласындағы жергілікті атқару органдары белгілейді.
Әдебиет пәнінің 1-11 сыныптарғы құрылымы:
- алғашқы басқышы бастауыш сыныпта – «Ана тілі»