Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет66/124
Дата03.05.2023
өлшемі0,83 Mb.
#89374
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   124
Байланысты:
keshen adisteme, 2022

Модульдік оқыту, оның ерекшелгі.
Модульдік оқыту технологиясы оқу үрдісін жаңаша құруға және оптимизациялауға байланысты қазақстандық және әлемдік оқыту жүйесінің барлық саласында кеңінен қолданды. ХХ ғасырдың 60-жылдарында АҚШ, Германия, Англия сияқты елдердің оқу үрдісіне еніп, алғаш рет осы елдерде оқытудың мазмұнына қарай оқу материалдарын бөліп оқыту тиімді деген идеяны енгізген. Модуль (лат) – «өлшем», «шама», «мөлшер» деген ұғымды білдіреді. Қазақстан ғалымдыры Г.С.Күдебаева, Н.Оралбаева, Р.Жанпейісова тағы басқа ғалымда өз зерттеулерінде оқу материалын модульге құру дың нәтижелігін атап көрсетеді.
Модульдік оқыту технологиясы бойынша білім алушы өз мүмкіншілігіне қарай жұмыс істейді. Модульдік оқу – білім мазмұныны әр қырынан жетілдірудің , ұйымдастырудың құралы мен әдісі. Сондай-ақ теориялық және практикалық ілімді қамтамасыз етудің құрылымдық жүйесі. Зерттеуші ғалымдар: Г.Қ.Нұрғалиева, А.Құсайынов, Қ.Мусин: «Модуль – ірілеген мазмұнды дидактикалық бірлік. Ол зерттеліп отырған педагогикалық құбылыстың мәнін сипаттайтын ғылыми білім жүйесін өзара функционалдық байланыстармен қоса ашып көрсетеді»,- деп анықтама береді.
Модуль құрастырудың өзіндік талаптары бар. «Зерттеуші ғалымдардың ғылыми ізденістерін дәйектеп, талдай келе модульдік оқытудың төмендегідей ерекшеліктерін байқадық»,- дейді Т.Жұмажанова:
оқытудың мақсаты айқын, нәтижесі белгілі;
Оқу мәтіндері бөліктерге бөлінеді;
Әр блоктың мазмұны, құрылымдық элементтерінң болатындығы;
Оқытушы – кеңесші, бағыт беруші;
Оқушы шығармашылықпен жұмыс істеуге қалыптасады
Әр модульге тапсырмалар: модульге ену, шығу тағы басқа беріледі.
Мысалы, модульге кіру болгы, проблемалық блок, тереңдету блогы, ақпарат болгы, тапсырма блогы, қорыту блогы.
Ақпараттық технологиялар арқылы мәтінді меңгерту технологиясы
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру үрдісін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізі болып табылады. 2001 жылы «Білім жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы» қабылданды. Бүгінде компьютерді білім беруде кеңінен қолдану барысында «оқытудың ақпараттық технологиялары» термині жиі қолданыла бастады.
Электронды оқу басылымдарының мазмұнының берілуіне қарай электронды кітапханада әр түрі оқушылардың жас ерекшелігіне сай сұрыпталып ұсынылған ильюстративті материал, мәтіндер жинағы жүйеленеді. Эектрондв кітапханада төмендегідей ақпараттар жинақталады.
-шолу ақпараты, пәндік сілтемедлер, кеңейтілген библиография;
-электронды көрнекі құралдардың кітапханасы;
-электронды энциклопедия;
оқушылардың өзіндік жұмысына арналған нұсқау;
-интьернет желісінің көмегімен қажетті материалды табу, өз бетінше әркет жасауға төселу;
-интерактивті жаттығулар және шығармашылық сипатта дайындалған бақылау сұрақтары.
Экрандағы әр түрлі жанды тапсырмалар, сөздердің қимыл-қозғалысы, түрлі-түсті грофикалық бейнелер, бейнеқатар, бейнефильм, диктордың даусы мұның барлығы оқушының белсенділіг мен жоғары мотивациялық қызығушылын арттырып, еркін жұмыс істеуіне, сөйтіп оқу үрдісінің тиімді ұымдастырылуына ықпал етеді.
Компьютерлік оқыту өзінің икемділігімен, вариантивтілігімен де маңыздылығын көрсетеді. Мұның бір шеті компьютерлік оқу бағдарламаларының, электрондық оқулықтар мен мультимедиялық бағдарламалардың сапасына тікелей байланыстылығында.
Жаңа материалды түсіндіру барысында ақпараттық баяндау, проблемалық баяндау, дедуктивті баяндау, эвристикалық ізденіс, көрнекілік әдістері (сөздік көрнекілік, аудиолық көрнекілік, визуалдық көрнекілік) арқылы жүзеге асырылады.
Зерттеуші В.М. Монахов компьютерлік оқытуда оқу фильмдерін, видеокөріністерді, «интерактивті көрнекілік» деп атайды.
Компьютерді оқу үрдіснде пайдалануда:
-оқушының сабаққа деген ынта-ықыласы, қызығушылығы артады.
-Тапсырмалардың мазмұндылығы, қызықтылығына, жүйелілігі мен сабақтастығына назар аударылады.
- Компьютер бағдарламасындағы тапсырмаларды орындау барысында олардың жауапкершілігі артып, өздеріне деген сенім, еркіндік туындайды.
-өз беттерісен білім алу зерттеушілік ізденіс біліктері мен дағдылары қалыптасады.
-тестілік, диагностикалық бақылау әдістері оқушының білім деңгейін бағалауға көмектеседі.
Компьютер әр түрлі жағдаяттардың үлгілерін жасауға, талдауға, салыстыруға, шешуге мүмкіндік береді. Әсіресе, ассоциация әдісі, деформация әдісі көбірек іске қосылады. Компьютерлік оқу бағдарламалары арнайы блоктар кешеніне сүйенеді. Ол төмендегідей қызметтерді атқарады:
Инструктаж – оқушыларды ақпараттық деректер қорымен таныстыру, оқу материалын жүйелеп таныту;
Әр түрлі жаттығулар мен тапсырмалар арқылы оқу материалын бекіту;
Түзету- кеңес беру, ақпараттық қорды толықтыру, оқу материалдарын түрлендіріп ұсыну, бекіту;
Алғашқы ағымдық, қорытынды бақылаулар, тестілеу.
«Интерактив» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «өзара әрекет ету» яғни біреумен
( компьютер, оқушы, оқытушы) дилог режимінде өзара әркет ету. «Интерактивті оқыту»
1990 жылдары интернет желісінің дамуына байланысты қоланысқа енді. Көптеген зерттеуші ғалымдардың пікірінше, интерактивті оқыту компьютер және интернет желісін пайдалану арқылы оқытуға саяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет