«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



Pdf көрінісі
бет13/145
Дата16.05.2022
өлшемі0,95 Mb.
#34593
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   145
Байланысты:
kazak tili men debieti 2013 no 08

білік пен дағды дегеніміз – оқу мен жазу, қосымша әдебиетті 
пайдалана алу, мәтінмен арнайы тапсырма бойынша жұмыс 
істей білу, әдеби, тілдік фактілерге талдау жасай алу, жоспар 
құру, оған жауап таба алу, түсіндіру барысында сурет немесе 
сызбаларды, кестелерді жасай алу, тезис құрып, сол бойынша 
әңгімелей алу, өзіндік пікірі мен бағалауын қосып айта білу, 
дәлелді  сөйлеу.  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәндерін  оқытуда 
қалыптасатын  осы  білік  пен  дағдылар  басқа  пәндерге  де 
негіз болатыны анық. 
Оқыту  барысында  алдыма  қойған  мақсатым  –  туған   
тілдің  қыр-сырын,  табиғатын  таныта  отырып,  ертең    
өмірден орынын таба алатын, өзіне сенімді, нағыз ұлтжанды, 
парасатты  ұрпақ  тәрбиелеу.  Ол  үшін  педагогиканың  озық 
үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені байыта 
білу керек.
Осы алдыма қойған мақсатымды жүзеге асыру жолында 
сан  қилы  тиімді  әдіс-тәсілдерді  қолдану  арқылы  сабақтың 
сапасын арттыруға көңіл бөлемін. Ал сабақтың өзі мазмұны 
мен құрылымы жағынан аралас, интегралдық семинарлар, 
диспут,  саяхат  сабақ,  ойын,  баспасөз  конференциялары, 
модульдік,  концерт  сабағы,  деңгейлеп  оқыту,  блок, 
сахналандырылған, т.б. болып бөлінеді. 
Модульдеп  оқытуда  оқушы  білімді  өздігінен  пайдалана 
білу  сияқты  іскерлік  дағдылармен  қаруланады.  Ұстаз 
тарапынан баламен өзара ортақ тіл таба отырып, оқушылық 
мәдениетті көтеруге ықпал жасау жағы ескеріледі. 
Жаңа  технология  бойынша  әдістемелік  жүйенің  басты 
бөліктерінің бірі – дамыта оқыту. Осы талаптарды орындау 
үшін, біріншіден, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы 
ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алуына әрекет 
ету.  Екіншіден,  оқытудың  дербес  және  топтық  түрлері 


17
арқылы  оқушыға  сенім  арту,  мұғалім  –  ұйымдастырушы, 
бағыт  беруші.  Үшіншіден,  жаңа  технологияның  мақсаты 
–  оқытуды  ізгілендіру.  Ол  оқулықтарға  деген  көзқарасты 
өзгертуді  талап  етеді.  Бұрынғы  оқулықтар  ескірген.  Жаңа 
оқулықтарда  оқу  материалдарының  мазмұны  жаңаша 
баяндалуы қажет. Деңгейлік жұмыс істеуде бала жалықпай-
ды. Күрделі тақырыпты қарапайым тілмен жеткізе отырып, 
әрбір  бала  өз  бетінше  түсінігін  айта  отырып,  өзінің  тіл  
байлығы мен білімін көтереді. Бірлесе отырып айтылған бір 
нұсқаны  таңдап  алудағы  мақсат  –  бала  бойындағы  дарын-
ның оянуына жол беру: ол 
– белгіліден белгісізге, яғни, жаңа 
ұғымдарды игеру бала белсенділігі арқылы айқындала түсе-
ді. Оқушылардың ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейтіп, бі-
лім аясының мейлінше өсуіне оқушылардың қабілетіне қа-
рай саралап оқытудың ықпалы зор. Мен өз тәжірибем арқы-
лы  сыныптағы  оқушылардың  білім  дәрежесіне  қарай  топ-
тап оқытудың нәтижелі болғандығына, балалардың сабаққа 
деген ынтасы, белсенділігі арта түсетініне көзім анық жетіп 
келеді. Ол үшін сыныптағы оқушыларды білім дәрежесіне 
қарай 3 топқа бөлемін: білімі толық, беске оқитындар – үздік 
топ, екінші топ – «төрттіктер», үшінші топ – «үштіктер». 
«5»  бағасын  алатын  оқушылар  өз  бетінше  ізденіп, 
оқулықпен  қатар  қосымша  әдебиеттермен  жұмыс  істеуі 
керек,  ал  «төрттіктер»  газет,  жұрнал  материалдарымен  өз 
білімін  ұштастырып  отырып,  оқулықпен  сабақтастыруы 
– 
шарт,  ал  оқулық  материалын  толық  меңгеріп,  ойын  толық 
жеткізуге  шамасы  келмесе,  қосымша  материалдармен 
ұштастыра алмаса, онда ол оқушы «үштіктер» тобына кіреді. 
Мұндай  саралап  оқытудың  көп  пайдасы  бар.  Әр  бала 
қысқа да нұсқа сөйлеуге үйренеді. Әрбір топтағы бала білуге 
құмарта түседі, төменгі топтар жоғары топқа өтуге, жоғары 
топ төменгі топқа түсіп қалмауға талпынады. 


18
Шәкірттердің  пәнге  деген  қызығушылығын  ояту 
үшін  сабағымның  әрбір  сәтін  қызықты,  ұтымды  өткізуге 
тырысамын.  Ұтымды  әдістер  қолдану  арқылы  ғана 
оқушының білімге деген ынтасын ұштауға болады. 
Оқушы 
–  белгілі  мәліметті  қабылдаушы  ғана  емес, 
сонымен  бірге  терең  ой  иесі.  Ол  дербес  ойланып,  өз 
көзқарасын  дәлелдей  алуы  керек.  Әр  оқушының  еркін 
ойлауына, дәлелдер келтіруіне сабақ барысында түрлі әдістер 
арқылы  қолайлы  жағдай  жасауға  тырысамын.  Айталық, 
«Атаулар  көмегімен  болжау  жасау»,  «Елеспен  жетелеу» 
стратегиялары  оқушының  ой  ұшқырлығын  бақылауда, 
стандартты емес шешім жасауда тиімді пайдаланып жүрмін. 
Қазіргі оқушыларды кең ауқымды көркем әдебиетті оқытуға 
баулу  оңай  іс  емес.  Бұл  жолдағы  қиындықты  шешуге 
«Жигсо» әдісі көп көмегін тигізді. Оқушы өзіне жүктелген 
міндеттерге жауапкершілікпен қарап, басқа топ мүшелеріне 
түсіндіру  үшін  сурет  те  салады,  сахналық  көріністер 
де    қояды,  сабақтың  осы  кезеңі  оқушыларды  бей-жай 
қалдырмайды. 
Оқушылардың ойлау деңгейіне сай әр сабақта сұрақ қою 
үшін Блумның сұрақ қою өлшемін пайдаланамын. Сұрақтар 
қарапайымнан  терең  ойлауға  дейін  жалғасады.  Мұндағы 
мақсат – оқушы ойын ең төменгі деңгейден терең ойлауға 
дейін жеткізу. Топтық тапсырмалар ынтымақтастық қарым-
қатынас  орнатуға,  шығармашылық  жұмысқа,  тақырыпты 
өмірмен байланыстыруға мүмкіндік туғызады. 
Сабақта  жаңашыл  тәсілдерді  қолдану  арқылы  жеткен 
нәтижелерім  мынадай:  оқушының  білім  деңгейі  түсінуден 
басталады, алған білімін қолданып, қорытындылауға дейін 
жоғарылайды.  Қабылданған  жаңа  ақпаратты  саралап, 
мәселені өзі шеше алуға мүмкіндігі болады.
Әдебиет  сабағында  оқушының  тілдік  компоненттілігін 


19
қалыптастыру мақсатында жиі қолданып жүрген «Оқырман 
семинары» тәсілі бойынша сызба түрінде талдау жасадым. 
Сабақта  көркем  шығарма  мынадай  топтардың  көмегімен 
меңгертіліп жүзеге асады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет