1. Сұрақ қоюшылар. Блумның сұрақ қою өлшемі
бойынша қарапайым сұрақтан шығармашылық сұрақтарға
дейін қамтылады. Оқушы өз бетімен шығармашылық
қабілетін дамытады.
2. Сөз тапқыштар. Алдынан шыққан сұрақтарға нақты,
дәлелді жауап беру үшін өз бетінше ізденеді, дағдыланады.
3. Сілтемешілер. Мәтін бойынша түсініксіз сөздер
тізбегін жасайды, айшықты, бейнелі тіркестерді анықтап
жазады.
4. Жазушылар. Поэзиялық шығарма болған жағдайда
оны прозаға айналдырып жазады, мәтін бойынша жоспар
құрады, сабақ барысындағы ерекше сәттерге сараптама
жасайды.
5. Суретшілер. Мәтін кейіпкерлерінен, белгілі бір
эпизодтарынан сурет салады.