Түрі: жаңа материалды меңгерту. Әдісі: проблемалық
ой тастау, баяндау, сұрақ-жауап, диалог, ізденушілік,
зерттеушілік іс-әрекеттері, ойын түрлері.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, Activote құрылғылары, слайдтар,
синоним сөздерге арналған сызба, синонимдер сөздігі,
графикалық диктант.
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру. а) Оқушылармен сәлемдесу, топқа
бөлу (қима қағаздардан сурет құрастыру арқылы), сабаққа
33
бейімдеу. ә) Оқушылар зейінін өлең жолдарымен сабаққа
аудару:
«Өнер алды – қызыл тіл»,
Анаңдай оны құрметте!
Қажымай, талмай үйрен, біл,
Асылын сөздің өрнекте.
Ана тіл – асыл қазына,
Байлығың – білсең, ол сенің.
Жеткізер өмір жазына,
Сонымен өсер өркенің.