Резюме
В данной статье рассматривается использование
информационной технологии на уроках казахского языка.
Resume
This article discusses the use of information technology in
the classroom of the Kazakh language.
Әлия НИЕТАЛИНА,
Бекежан Сүлейменов атындағы
орта мектептің мұғалімі.
Ақтөбе облысы,
Шалқар ауданы.
ОҚУШЫ БІЛІМІН
БАҒАЛАУ
Оқушылардың оқу жетістігін бағалау педагогикалық
үрдістің маңызды кезеңіне жатады. Оқыту нәтижелері
шартты түрде баға арқылы көрініс табады. Баға – оқушы
білімінің жемісі. Бағалану арқылы оқушының оқу-тәрбие
алу әрекетінің деңгейі анықталады. Оқушылардың білім,
іскерлік дағдыларын тексере отырып, мұғалім оларды
бағалайды. «Өте жақсы» деген бағамен оқушы оқу
материалын терең оқып түсінсе және сұрақтарға жүйелі,
27
толық жауап қайтарса, егер практикалық тапсырмалар
нормативі құжаттарда көрсетілген уақытында дұрыс,
тез орындалса бағаланады. «Жақсы» деген бағамен
оқушы материалды берік меңгерсе, сұрақтарға
жетекші сұрақтарсыз жауап бере алса, проблема
бойынша әдебиеттерді талдай алса, практикалық
тапсырмаларды дұрыс орындаған жағдайда бағаланады.
«Қанағаттанарлық» деген баға негізгі материалды
меңгерген жағдайда, қойылған сұрақтарға толық жауап
қайтара алмаса, практикалық тапсырмаларды орындау
жұмысының сапасына онша әсер етпейтін кейбір қателер
жіберсе қойылады. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға
оқушыға қойылған сұраққа дұрыс жауап бермесе,
практикалық тасырмаларды орындай алмаса қойылады.
Бағалау тек баға қоюмен ғана шектелмейді. Мұғалімнің
ауызекі пікірінен және баға қоюдан тұрады. Оқушы
білімін бағалау сабақтың соңғы кезеңінде жүзеге асады.
Оқушыдан үй тапсырмасы бойынша сұралса да оны
бағалауға асықпаған жөн. 45 минут ішінде оқытудың әр
түрлі формалары, әдіс-тәсілдері жүзеге асырылады. Осы
ретте оқушы – негізгі әрекет иесі. Бағдарлама материалын
толық меңгерген, тапсырманы қатесіз орындаған оқушы-
ны уақытында «өте жақсы» деп бағалау – мұғалімнің
құзырында. Ал сабаққа дайын емес оқушыға «екілікті» қоя
салу да жақсы педагогикалық тәсіл емес. Ондай оқушыға
сабақтың аяғына дейін деңгейіне сай тапсырмалар беріп,
жауап алудың түрлі әдістерін қолдану керек. Рас, қазірде
сабаққа даярлықсыз келетін оқушыларды тәжірибеде кө-
ріп отырмыз. «Қазіргі оқушы оқымайды, білмейді»
дегеннен іс тындыра алмаймыз. Қалайда сол оқушыны
білдіру, алға жетелеу, онымен үздіксіз жұмыс жүргізу
28
– міндетіміз. Өзінің педагогикалық тәжірибесінде
В.А.Сухомлинский ешқашан да қанағаттанғысыз баға
қоймаған екен. Ол өз сөзінде «Екі» мен «бір» бағалары –
өте үшкір де жіңішке құрал. Ақылды, тәжірибелі мұғалімде
ол үнемі қоймада сақтаулы тұруы керек. Тәрбиенің
педагогикалық құндылығының маңызы да осында, яғни,
бала ешқашан да өз күшіне сенімін жоғалтпауы тиіс.
Біреулер қуанып, екінші біреулер қайғыратын жерде
нағыз педагогикаға орын жоқ» дейді.
Педагогиканың негізгі талабы: бағалау объективті
болуы тиіс. Бағаны көтеріп қою немесе төмендету
оның ынталандырушы қызметінің төмендеуіне әкеледі,
адамгершілікті тәрбиеге зиянын тигізіп, оқушылар
ұжымында да, оқушы мен мұғалім арасында да кикілжің
тудырады. Қойылатын бағалардың объективтілігі
мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Тәжірибелі
мұғалімдер сұраудың түрлі әдістері мен тәсілдерін
қолданады, бағалау кезінде олар түрлі факторларды
ескере алады. Дәстүрлі педагогикада бағалауға мұғалімнің
көңіл күйі, кейбір оқушыларға өзінің жеке қатынасы,
оқушы туралы әр түрлі пікірлер әсер етпеуі тиіс деп
есептеледі.
Қазіргі кездегі бағалау жүйесінде кемшіліктер бар.
Бағалаудың бес балдық шкаласы төрт балдыққа, ал
тоқсандық, жылдық және емтихандық бағаларды қою
кезінде үш балдыққа айналған. Оған мұғалімнің тоқсан
соңында қоятын «нақты» және «нақты емес» бағалары,
өзіндік үй тапсырмасының орындалуы және оған баға қою
кезінде туындайтын қиындықтар туралы мәселе, оқушы
мен мұғалім ара қатынасынан кездейсоқ бағалардың
қойылуы, тоқсан соңындағы бағалардың түзетілуі және
29
т.б. жатады. Кейде баға оқушыны қанағаттандырмауы
мүмкін, сондай кезде мұғалімнің сөзі, жауапқа лайықты
пікірі ауадай қажет. Түсінікті бағаға оқушы қанағаттана-
ды, балада бағалау туралы сенімді көзқарас қалыптасады.
Мысалы, екі оқушы жұмысты бірдей орындап, екі түрлі
баға алуы мүмкін. Мұндайда мұғалім екі оқушының
іскерлік дағдысындағы айырмашылықты ұғындыруы
керек. Сонда ғана оқушы өз жұмысына өзі баға бере
алады, яғни, оқушыға баға маңызын түсіну керектігін,
өзін-өзі бағалау білімі қажет екенін ұғындырып отыру
керек. Көпшілік сабақтарға тән жағдай: мұғалімдер
бағалау кезеңіне үлгере алмай қалып жатады. Бағалау
кезеңіне үлгерген жағдайда да баға көрсеткіштерін атап
қана шығады, мұның өзі де көп жағдайда асығыс болып
жатады. Баға бағалаудан келіп шығатын шындық екендігін
ескерсек, оқушы білігін бағалаудағы салғырттық мұғалім
жауапкершілігінің төмендігін байқатады. Оқушы білігіне
сай әділ бағалануға құқылы. Жақсы баға оқушы рухын
көтеріп, оның оқуға ынтасын арттырады. Оқушы мен
мұғалім арасындағы қарым-қатынастың көп жақтары
да осы мәселе төңірегінде шешіледі. Оқушы білімін
бақылауда мұғалім ұшқары, жеңіл ойға ұрынбай, әрбір
жауапты ой таразысына салып, имандылық танытқаны
жөн. Оқушылар күн сайын мектепке баға алу үшін, жора-
жолдастарының, мұғалімнің алдында білік-дағдыларын
көрсету үшін, үйрену үшін келеді. Бағаның сұралған
балаға ғана емес, бүкіл сынып оқушыларына қатысы бар.
Оқушы жауабының сапалық, кемшілік жағы қысқаша
айтылып, баға жарияланып қойылуы керек. Бұл әдіс
бойынша екі түрлі мақсат іске асады. Біріншіден, қойылған
бағаның дәлдігі мен әділдігі дәлелденеді, екіншіден,
30
мұғалімнің ескертпесі бойынша оқушы олқы білетін
материалын келешекте қайталап, жете білуіне нақты
тапсырма алғандай жауапкершілікті сезінеді. Мұғалім
оқушының жауабын сараптай келіп, оның сабаққа деген
ынта-ықыласын есепке алады да, былайша бағалауы
мүмкін: «Бүгін Айбар өткендегіден тәуір жауап берді.
Көп әзірленгендігі байқалып тұр. Әйтсе де жауабында
олқылық байқалады, соған қарамастан оған «төрт» деген
баға қоюға болады».
Сондай-ақ мұғалім мен оқушы арасындағы сыпайы,
ынтымақтастық қатынас оқу жетістігінің дамуына әсерін
тигізеді. Мұғалім сабақ сұрау барысында оқу материалын
жүйелі, жақсы жеткізіп тұрған оқушыны демеп, «Дұрыс»,
«Өте дұрыс», «Тамаша» деп мақұлдау көрсетіп немесе
оқушы тапсырманы ауызша, жазбаша орындау барысында
қателіктер жібергенде және ұқсас формаларды ажырата
алмай тұрған жағдайда «Солай ма?», «Септік жалғауы мен
шылауды шатыстырып тұрған сияқтысың» деп оқушыға
қателігін өзі түзетуіне мүмкіндік беріп отыру керек.
Осындай тиімді әдіске жеткілікті көңіл бөлінбей келеді.
Бағалау жүйесінің өз міндетінен ауытқып кететін тұстары
да кездесіп жатады. Тәжірибеде көріп жүргендей, оқушы
білімін бағалауда мұғалімдер тарапынан «Жарайды,
отыр», «бес», «төрт», «үш» дей салушылық басым. Бұл
әдістен бағаның білімділік, тәрбиелік мәні ашылмайды.
Қазіргі білім беру жүйесінде сабақтың көп түрлілігіне
жол ашылып, оқытудың озық технологиясы мен
инновациялық әдіс-тәсілдер оқыту жүйесіне енді.
Оқытудың формасы өзгерді. Дәстүрден тыс сабақтар
өмірге келді. Оқушы сабақта негізгі әрекет етуші нысанға
айналды. Оқу үрдісін қайта реформалау кезеңінде
31
бұрынғыша 3-4 бағамен шектеліп қалуға болмайды.
Қазіргі талап тұрғысында 7-8 оқушы немесе сыныптың
жартысын да бағалауға мүмкіндік мол. Әрине, бұл
мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Бір аптада 18 сабақ
өткізетін мұғалім шамамен 80-90 баға қояды, бұл деген 3,
4, 5-терді жұрналға қатарластырып қоя беру емес, мәселе
бағалардың қашанда объективті әрі әсерлі болуында.
Баға негізінен үш қызметті атқарады: тексерушілік,
үйретушілік, тәрбиелік. Баға оқушылар үшін оқу
әрекетінің негізгі мотиві болғандықтан мұғалімдер
бағаны тәрбиелік мақсатта жұмсайды. Оқушы өзінің
күш-жігер жұмсау деңгейіне сай баға алуы тиіс.
Оқушы білімін бағалау үрдісінде оның білім, білік,
дағдыларды игеру үрдісіндегі психикалық дамуына,
жеке тұлғалық білімінің қалыптасуындағы жетістіктеріне
үнемі көңіл бөлініп отыру қажет. Мұндайда бағалаудың
әр түрлі рейтингтік тәсілдерін тәжірибеде қолдану керек.
Рейтингтік тәсілдің ерекшелігі – оқу жетістіктері бойынша
оқушының алатын рангын (орынын) анықтау. Аталмыш
тәсілдің мақсаты – тоқсан және оқу жылы бойынша
оқушы жұмысын ескере отырып, бағаны объективті қою.
Әр пән мұғалімі жеке жұрналына сынып оқушыларының
жыл бойғы білім-білік дағдыларының көрсеткішін,
пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар, зияткерлік
сайыстарға қатысу және сабақтағы белсенділігі, оқу
тапсырмасын уақытында орындауы, тапсырманы
орындаудағы шығармашылық әрекеті, баяндама жасау,
реферат жазу, тағы басқа мүмкіндіктерін ескеріп бағалап
отырады. Бағалаудың осы жүйесі күнделікті сабақ
әрекетінде ескеріліп отыруы керек.
|