«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен жиынтық бағалау тапсырмалары Оқушының аты-жөні: Сыныбы: Тыңдалым



бет1/2
Дата29.10.2023
өлшемі21,77 Kb.
#121022
  1   2
Байланысты:
дитман




«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен
жиынтық бағалау тапсырмалары
Оқушының аты-жөні:
Сыныбы:
Тыңдалым
Еңбек нарығы – ресурстар нарығы, басқа да өндіріс факторларының нарығы сияқты жалпы ұқсастығы мен айырмашылығы бар. Еңбек нарығының басқа да ресурстар нарығынан ең негізгі ерекшелігі – нарықта мемлекет, корпорациялар, кәсіби одақтар секілді маңызды институттардың болуы.
Еңбек нарығы – экономика жағдайын көрсетудің айнасы. Ол тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын, жұмыссыздықтың сала бойынша деңгейін, кәсіби-біліктілік, демографиялық және басқа да көрсеткіштердің құрылымын байқатады.
Еңбек нарығында өте қабілетті және іскер жұмыскерлерге қатаң таңдау жүргізіледі. Нарық еңбекке қабілетсіздерді, жалқау, әлсіздерді ешқашан аямайды. Ол еңбектің жоғары шапшаңдығын қамтамасыз етіп, іскерлік пен біліктілікті талап етеді.
Еңбек нарығында әрбір азамат еңбек етуге, яғни жұмыс істеуге құқылы, бірақ кейбір азаматтарымыз жұмыс таба алмай, жеке шаруашылықтарда жалданып жұмыс істейді. Енді жұмыссыз болудың себептерін қарастырайық:
құрылымдық жұмыссыздық – бос жұмыс орнына сәйкес қажетті біліктілігі, білімі жоқ болғандықтан, жұмыс таба алмай жүрген адамдар;
циклдік жұмыссыздық – өндіріс, кәсіпорын, фирмалар қысқарып, экономикалық дағдарыс жағдайында адамдардың жұмыссыз қалуы
уақытша жұмыссыздық (фрикциондық) – егер адам қысқа мерзімде жұмыссыз атанса, тұрғылықты жерін өзгертсе, жалақысы көп жұмысқа орналасу кезінде орын алатын жұмыссыздық.
маусымдық жұмыссыздық – егер адам жылдың тек бір мезгілінде ғана тартылатын жұмыс түрлері бар. Қысқы мезгілінде жұмыс істемей, жазда жұмыс істейтін адамдар тобы.
Терминдерді анықтамасымен сәйкестендіріңіз (әр 2 дұрыс жауап үшін 1 балл).
Сопоставьте термины с пояснением (1 балл за каждые 2 правильных ответа).



Терминдер

Мағынасы

Сәйкестендіру бағаны

1. Еңбек нарығы

А. Мамандыққа оқымаған адамдар тобы


2.Құрылымдық жұмыссыздық

В. Еңбекақысы жоғары жұмыс орнына ауысу
кезіндегі жұмыссыз адамдар


3.Циклдік жұмыссыздық

С. Белгілі бір жыл мезгілдерінде ғана жұмыс істейтін адамдар


4.Уақытша жұмыссыздық

Д. Кәсіби шеберлік пен біліктіліктің болуы


5.Маусымдық жұмыссыздық

Е. Жұмыс орындарының жабылуына байланысты жұмыссыз қалған адамдар


6. Еңбек нарығының
талабы

Ж. Елдің экономикалық жағдайының көрсеткіші


[2]
Еңбек нарығындағы жұмыскерлерге қойылатын талаптар жұмыссыздықтың қай түріне жиі ықпал етеді? Ойыңызды мәтіндегі ақпараттармен дәлелдеп, 2 сөйлеммен беріңіз.
На какой тип безработицы чаще всего влияют требования к работникам на рынке труда? Обоснуйте свое мнение информацией в тексте и изложите его в 2 предложениях.
________________________________________________________________________________________________________________________________________


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет