Қазақ тілі мен әдебиеті СӨж тақырыбы: Б. Күлейұлы, М. Дулатұлының шығармашылық мұрасы Орындаған



бет2/3
Дата17.10.2022
өлшемі65,7 Kb.
#43672
1   2   3
Сюжеттің басталуы

Ғанидің Жамалға ғашық болуы. Жамалды Байжанның баласы Жұманға атастыру

Сюжеттік байланыс

Олардың қарсылығы, әкесі Сәрсенбай мен Байжанның әрекеті

Шиеленісуі



Жамал мен Ғанидің қашып кетіп Фатихолла байды паналаулары

Шарықтау шегі

Сырқатқа шалдыққан Ғани он үш күн ауырып қайтыс болып, Жамалдың Байжанның баласы Жұманға ұзатылуы

Шешімі



Боранды түнде адасқан Жамал қайтыс болуы, оның соңғы жазған хаты елге зар түрінде таралып кетуі

Міржақып Дулатов шығармашылығы ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін жаңа белестерге жетелеген, түрі жанарларға түрен салаған жемісті еңбек. Ол – азатшыл әдебиеттің аса көрнекті өкілі ретінде қазақ әдебиеті тарихынан өз орын ойып алатын тұғырлы тұлға.


Б.Күлейұлы әдеби мұрасының ерекшелігі,өлеңдері

Бернияз Күлеев 1899 жылы бұрынғы Торғай облысы Ақтөбе уезіне қарайтын Бөрте болысының бесінші ауылында (қазір Орынбор облысының Бөрте ауданы) Бекен деген шаруаның отбасында дүниеге келген.


ХХ ғасырдың басында жасаған қазақтың ағартушылықдемократтық аңсардағы көптеген ақын-жазушылары ұлы Абай бастап кеткен рухани көшті абыройлы жалғастырады. Міне, осы көштің бұйдасын берік ұстанғандардың бірі – Б. Күлеевтің поэзияда Абай дәстүрлерін жалғастырушы талантты ақын екендігі дау туғызбаса керек.
Б.Күлеев – ерте жанып, ерте сөнген талант. Көп жылдар бойы Б.Күлеев поэзиясына дәуір шаңы ерте қонып, жарқырап көріне алмай көбіне тозаң басып жатты. Дәуірдің, заманның қытымыр қабағы, саясаттың ызғары Б.Күлеев поэзиясының өз сұлулығымен жарқырап көрінуіне ерік бермеді. Сондықтан да ұзақ жылдар бойы ақынның жарқын жырлары өз оқырмандарымен емін - еркін тілдесе алмай, сырласа алмай пұшайман күй кешті. Ақын поэзиясының рухани өрісі шектеулі болды.
Бернияз – көркемдік болмысы тереңде жатқан талантты ақын. Оның өлеңдерінің тақырыбы- көбіне көңіл-күй сезімдерімен байланысты. Көңіл-күй сезімдерін жырлау арқылы ол махаббат, табиғат, философиялық лирикаға барды. Әсіресе, ол махаббат лирикасын шабытпен жырлаған үлкен лирик
Б.Күлеев - ұлы Абай үлгісіндегі ақын. Бернияз Абайдың поэтикалық үлгісін қолдана отырып, біршама өлеңдер жазды. Мысалға, Абайдың «Сегіз аяқ», «Алты аяқ» үлгілерін өз өлеңдерінде шебер қолдан білді. Көп өлеңдері, негізінен қара өлең ұйқасы, шалыс ұйқас түрімен жазылған. Мысалы, «Алты аяқ» және «Сегіз аяқ» түрін пайдаланып, ақын «Сүйікті қайғылыға», «Гүләндамға», «Жалғыз өзім жат жерде», «Алалық», «Бостандық күнінде», «Шындық»,Мен», «Жүрегім жанып», «Жазғы дала» өлеңдері мен «Жердң жүзі жаз еді», «Қайда екен?», «Жорық» поэмаларын жазды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет