Қазақ тілі мен әдебиеті СӨж тақырыбы: Б. Күлейұлы, М. Дулатұлының шығармашылық мұрасы Орындаған


«Гүл», «Жорық», «Қайда екен?» ерекшеліктерін сипаттау



бет3/3
Дата17.10.2022
өлшемі65,7 Kb.
#43672
1   2   3
Байланысты:
5-тапсырмасы.

«Гүл», «Жорық», «Қайда екен?» ерекшеліктерін сипаттау.
Ақынның «Жердің жүзі жаз еді», «Қайда екен?», «Жорық», «Гүл» секілді ірі туындылары туралы айтқанда, ең алдымен, сол шығармалардың ішкі құрылым-ерекшеліктеріне тоқталсақ.
«Жердің жүзі жаз еді» туындысы жалынды жас жігіттің жаздың әсем табиғатынан шабыт тауып, өзінің бүкіл өткен қызықты өмірін еске алады, әсіресе, сүйгенінің асқақ та әсем бейнесіне арнап сұлу жырлар арнайды, бірде шаттанып қуанса, енді бірде қайғырып бойын күдік билейді, ақыры ғашығының ырқына бас иіп, ол қандай үкім шығарса да, соған көнетінін айғақтайды. Бұл шығарманы (324 жол) зерттеуші жоғарыдағы белгі-сипаттарына қарап поэма деп атамай, шартты түрде лирикалық толғаныс деп бағалайды. Осы ерекшеліктерінің өзінен-ақ аталған туындыны орыс әдебиеті үлгілері негізінде туған әдебиетіміздегі алғашқы лирикалық поэма деуге де болар еді.
Б.Күлеевтің келесі поэмасы «Қайда екен?» (444 жол) деп аталып, оған автордың өзі «Қияли поэма» деп айдар таққан, жазылған мерзімі 1922 жылдың август айының 12 жұлдызы деп көрсетілген. Поэма ұлы Абайдың алты аяғы үлгісімен жазылып, алты бөлімге жіктеліп бөлінген. Алғашқы бөлімде ақын қазақ даласын қаймағы бұзылмаған қалпында алады да, сол дәуірді қайтып оралмас, қол жетпес асыл арман күйінде суреттейді. Екінші бөлімде жастық шақ дәурені, жайлау көрінісі, жас арумен өткізген бақытты шақ – бәрі таңғажайып, сиқырлы түс ретінде сипатталады. Үшінші бөлімде жат жерге аттанған басты кейіпкердің өз жарына деген сүйіспендігі мен төртінші бөлімде қоғамдық, саяси өмірдегі өзгерістер бейнеленеді. Бесінші бөлімде аштықтың зардаб-зияны, апаты сөз болып, ең соңғы бөлімде өзінің жастық шағына қайта оралып, жас-қайыңға мұң-зарын шағады. Ы.Дүйсенбаев Б.Күлеевтің «Қайда екен?» поэмасының әдебиетімізге қосқан үлесін әңгіме ете келіп, өз ойын қорытқанда былай дейді: «Қайда екен?» жаңа стильде яғни жазба әдебиеті үлгісінде орындалған аса көркем туынды, ақынның шеберлігі жетіле түскендігінің айқын куәсі» [4,185 б] деп жоғары бағалайды. Ал, енді ақынның «Жорық», «Гүл» (аяқталмай қалған).
Бернияз - өз заманының, дәуірінің тынысын ақындық сезім-күймен кемел толғап, көркем өрнектеген ақын.
Бернияз Күлеев - көркемдік қарымы мол, сырлы да сыршыл ақын. Ол көркем образ, бейнелі сурет-сезім тудыруға шебер. Оның суреткерлік қаламының көркемдік бояуы қанық. Ақынның поэтикалық тілінде әртүрлі ауыстырулар, құлпыртулар, көркемдік айшықтаулар жиі кездеседі. Оның өлеңдерінде сан алуан ұтымды теңеулер мен метафорлар сәтті жарасым тапқан. Ақын теңеулерінің бір ерекшелігі, суреттеліп, бір-біріне теңеліп отырған екі құбылыс арқылы ұсақ детальдарға дейін ақау жібермей, шебер пайдаланып, бір ғана поэтикалық сурет жасауында. Екі құбылыстың ұтымды теңеу арқылы бір-біріне кірігіп, білінбей жымдасып кетуінде. Ақын абстрактілі дерексіз ұғымдар ой мен сезім құбылыстарын метафоралық тәсіл арқылы көркем өрнектеуге де шебер. Ақындық контексте поэтикалық метафорлар ұтымды пайдаланады. Мұның барлығы ақынның көркемдік көкжиегін айқындай түсетін қасиеттер екені даусыз.
Қорыта келгенде, Бернияз өлеңдерінде заман тынысын кемел тұрғыда көркем кестелеген ақын болып, өз дәуірі мен кезеңінің үні бола білді.
Бернияз Күлеевті сыршыл лирик ақын дедік. Қиыннан қиыстырылған ақындық ой, халық даналығына ұласатын шешендік сөз, терең толғаныстан туған сан қилы бейнелеулер Бернияз Күлеев поэзиясының ең басты көркемдік ерекшеліктерінен саналады. Ақын өзі дүниеге, өмірге көзқарастарын да осы сыршылдық толғаныстары арқылы аңғартады. Б. Күлеев поэзиясы – шынайы көркемдік дәрежесіне көтерілген поэзия.
Бернияз өлеңдерінде заман тынысын кемел тұрғыда көркем кестелеген ақын болып, өз дәуірінің, кезеңінің үні бола білді. Ол – шын мәнінде халықтық әдебиеттің алтын қазынасын аршып, ұлттық дәстүрдің озығын өлеңіне өзек еткен ақын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет