«Қазақстандағы туризм және экотуризм» бөлімі Оқу мақсаты 9.1.6.1.
Тыңдалым материалының мазмұны негізінде
көтерілген мәселеге сыни көзқарасын білдіру
Бағалау критерийлері Білім алушы:
Тыңдалған мәтінге сыни көзқарасын білдіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма 1. Мәтінді 2 рет тыңдап, берілген ақпараттар бойынша туризм түрлерін анықтаңыз.
Қазақстанда қандай туризм түрлері бар екенін білесіз бе? Бізде туризмнің бірнеше түрі
қарқынды дамып келеді. Олар: этнотуризм, тау туризмі, емдік-сауықтыру туризмі, мәдени-
танымдық туризм, аңшылық пен балық аулау, т.б.
Этнотуризм – Қазақстандағы елдің тарихи өткені мен қазақ халқының мәдениетіне
қызығатын адамдарды тартатын туризмнің бір түрі. Қазақстанның қай аймағында
болмасын, жолаушылар қазақ этносына тән салт-дәстүрмен, шығармашылық ерекшелікпен
танысып, елдің мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін зерттей алады.
Тау туризмі Қазақстан – тау туризмі үшін қолайлы ел. Мұнда бұл салада барлық жағдай жасалған
деуге болады. Қазақстан бойынша турлар белсенді демалысты, жабайы табиғатпен
кездесулерді, қарлы тау шыңдарына шығуды, сонымен қатар жол-жөнекей жұмбаққа толы
үңгірлер мен көгілдір терең сулы көлдердің жағаларын зерттеулерді қосады.
Емдік-сауықтыру туризмі Дамушы еліміз – емдік-сауықтыру туризмі үшін ерекше жер. Себебі еліміз тек емдік
табиғи ресурстарға ғана бай емес, сонымен бірге табиғи өңірлерде орналасқан заманауи
шипажайларымен де танымал. Емдік-сауықтыру туризмі Қазақстанның барлық
территориясына таралған, сондықтан сіз елдің қай жерінде болсаңыз да, емделу мен
демалысты қатар қолдана аласыз. Емдік курорттар – түрлі ауруларға ем болатын минералды
су, бұғы мүйізімен емдеу, емдік климат және т.б. түрлі емдеу қызметтерін ұсынады.