«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде) пәнінен 4-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
Мәтінді тыңда.
Көктемде жылы жақтан жыл құстары ұшып келеді. Жыл құстарының алғашқысы болып ұзақ қарғалар келеді. Оларды халық «көктем хабаршысы» деп атайды. Содан кейін бозторғайлар мен қараторғайлар келеді. Қараторғайлар келісімен күннің көзі ашылып, жер беті жылынады. Қар еріп, жылғалардан су ағады. Ең соңынан су құстары ұшып келеді.Жыл құстары жол бойы талай қиындықтардан өтіп, топ-тобымен туған жерлеріне оралады. Ұя салып, балапан өргізеді. Адамдар жыл құстарын қуана қарсы алады.
Мәтінге сүйеніп, «Құстарға қамқорлық» тақырыбында әңгіме құрастырып айт.
Тірек сөздер: көктем, ауа райы, жыл құстары, ұшып келу, күтіп алу, балалар, көмек, ұя, жем шашу, қуаныш.
[5]
Оқылым
2. Мәтінді түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер.
Жыл сайын мамыр айында Жомарттың әкесі үйінің жанына бір түп жас қарағай көшетін отырғызады. Қазір олардың үйінің алдында жап-жасыл алты түп қарағай иық тіресе өсіп тұр. Жомарт дүниеге келгелі бері әкесі баласының туған күніне арнап, белгі ретінде бір түп қарағай отырғызуды әдетке айналдырған.
Енді, міне, жетінші қарағай да осы мекеннің сәні болып жайқалады.
«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде) пәнінен 4-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Достарыңызбен бөлісу: |