Қазақ тілі Оқушы білімін критериалды бағалаудың жолдары


 Үндесік заңы, оның түрлері. Бастауыш сыныпта үндестік заңын оқыту әдістемесі



бет6/27
Дата14.08.2023
өлшемі80,39 Kb.
#105254
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
казак т

6. Үндесік заңы, оның түрлері. Бастауыш сыныпта үндестік заңын оқыту әдістемесі.
Қазақ тілінде дыбыстар сөз ішінде, сөз бен қосымша арасында, сөз бен сөздің арасында бір-бірімен үндесіп, үйлесіп айтылады. Түбірсөздің жуан не жіңішке болуына қарай қосымша да жуан не жіңішке болады және сөздің соңғы дыбысына қарай үйлесіпжалғанады. Сөздің бастан-аяқ үндесіп, үйлесіп, біркелкі әуезбен айтылуы үндестік заңы деп аталады.
Үндестік заңының екі түрі бар:
1) буын үндестігі;
2) дыбыс үндестігі.
Буын үндестігі – түбір сөздің соңғы буынының жуан не жіңішке болуына қарай қосымшаның да жуан не жіңішке түрде жалғануы. Мысалы, бала+лар, үйрек+ті,құдірет+ті, кітап+қа, т.б. Дауысты дыбыстар буын құрауға негіз болатын болғандықтан, буын үндестігі дауысты дыбыстар арқылы орындалады. Буын үндестігі сингармонизмдеп те аталады. Сингармонизм – грек тілінен енген термин. Sуn «бірге» және һаrmoni«байланысу», «үндесу» деген мағынаны білдіреді.
Әдісті білім беруде мақсатқа жетудің жолы, амалдың жиынтығы ретінде түсінуге болады. Педагогикалық еңбектерде әдісті мұғалім мен оқушының ұйымдасқан әрекетіне жатқызады. Мұғалімнің әрекеті – оқыту, білім беру әдісі де, оқушының әрекеті – үйрену, білім алу әрекеті болып табылады. Екеуінің бірлескен әрекетінен оқыту әдісі туындайды. Оқыту әдісі тәсілмен тығыз байланысты, тәсіл – әдістің элементі, бөлігі, бір реттік әрекет, әдіс-тәсілдердің жиынтығы. 
Зерттеу жұмысында оқушыларға үндестік заңдылығын дамытудағы ең ұтымды әдістер ретінде жаттықтыру әдісі, ойын әдісі, сұрақ-жауап әдісі, қатысым әдісі сұрыпталды. 
Жаттықтыру әдісі 
Үндестік заңдылығын дамытуда жаттықтыру әдісі ерекше орын алады. Тілді дамытуда қолданылатын ең қажетті әдіс – жаттықтыру әдісі. Тілдік материалдардың теориялық негіздері мен заңдарын, ережелері мен анықтамаларын игертіп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға жаттығады. Оқушыларға үндестік заңын дамытуда мәтінді қатесіз көшіріп жазу, мәтінді толықтыру, кестелерге негізделген тапсырмаларды орындау сияқты жұмыс түрлері жүргізіледі.
Оқушыларды біркелкі тапсырмалар арқылы жаттықтыру жалықтырып жібереді әрі қарым-қатынас жасау мақсатын толық атқармайды, сондықтан жаттығу түрлерін алмастырып отыру тиімді. Қазақ тілін меңгертудің мақсаты мен сипатына байланысты жаттықтыру әдістерінің түрлері мынадай: нақты тапсырманы орындау үшін берілген материалды көшіру, толықтыру; сөйлем құрастыруға жаттықтыру арқылы тіл үйрету; кестелерге негізделген тапсырмаларды орындау арқылы жаттықтыру; жеке шығармашылық қабілетін танытып, тіл дағдыларын байқатуға жаттықтыру. Бұл әдісті 1-4 сыныптарда жүйелі қолдану оқушылардың танымдық қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет