Қазақ тілі Оқушы білімін критериалды бағалаудың жолдары


 Сауат ашу кезеңінде дауысты дыбыстарды оқытудың әдіс-тәсілдері



бет5/27
Дата14.08.2023
өлшемі80,39 Kb.
#105254
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
казак т

5. Сауат ашу кезеңінде дауысты дыбыстарды оқытудың әдіс-тәсілдері.
Мектептегі оқыту процесінің сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті – оқу мен жазуды үйрету. Осы сауат ашудан жас ұрпаққа білім негіздерін меңгерту мен адамгершілік тәрбие берудің іргетасы қаланады. Білім берудің негізгі бағыттарына қойылатын талаптардың аса күрделісі – жеті жастағы балаларды сауаттандыру мәселесі болып табылады. Себебі, сауат ашу кезінде оқушылардың оқуға, ой еңбегіне бейімділігі, ынтасы қалыптасуы керек. Алғашқы оқу барысында мынадай ерекшеліктер ескеріледі:
1) оқу жылының бірінші жартысы толығымен сауат ашуға беріледі;
2) сабақ үстінде әрбір 10-15 минут сайын қимылды ойын түрінде сергіту минуттары өткізіліп отырады;
3) баланың оқуға деген ынтасы мадақтау, мақтау, көңілдендіру сияқты әдіс-тәсілдер арқылы арттырылады;
4) үйге тапсырма берілмейді;
5) апта ортасындағы бір күн жеңілдетілген сабақтарға арналады;
Сауат ашу – аса күрделі де жауапты міндет. Оны ойдағыдай жүзеге асыруда атқарылатын жұмыстар сан алуан. Олардың негізгілері мыналар:
1. Балаларды мектепке сауат ашуға даярлау;
2. Сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшеліктерін меңгерту арқылы сөздердегі дыбыстарды айқын естіп, анық айтуға үйрету;
3. Оқушылардың жалпы ой-өрісін дамытып, ойлауға, байқағыштыққа тәрбиелеу;
4. Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорын байыту, сөйлемдерді дұрыс, дәл жеткізе білуге үйрету;
5. Сөзді жеке дыбыстардан құрап, ежіктемей, дұрыс буындап түсініп, оқуға, одан әрі сөзді тұтас оқуға дағдыландыру;
6. Дыбыстарды әріппен дұрыс таңбалауды жете меңгерту арқылы жазудың каллиграфикалық талаптарын сақтап, әріптерді үзбей және сөз ішіндегі байланысу тәсілдері бойынша, сөзді тұтастыра жазуға үйрету; жеке сөздерді, сөйлемдерді кқшіріп және естігенін жаза білуді жетілдіру;
7. Сөйлемдегі сөздердің айтылуы мен жазылу ерекшеліктерін меңгерту;
​Сауат ашу кезінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының өзгешелігі – оқыту ісі, талдау және жинақтау процесінің бірлігінен тұратындығында.
​Сауат ашудың негізгі мақсаты – оқу дағдыларының негізін қалау, тыңдауға, айтуға, жазуға үйрету, балалардың сөздің дыбыстық құрылысы туралы түсінігін қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап, содан соң тұтас сөзді, сөйлемді, мәтінді оқуға үйрету, сауатты жазудың негізін қалыптастыру, өз бетінше оқуға, кітапқа қызығушылығын ояту, ауыз екі тілін дамыту. 

“Әліппе” – көп деңгейлі, дамыта оқытылатын, ұлттық ерекшелігі бар, дәстүрлі мектепке арналған төл оқулық.


Тіл пәнінің жаңа мазмұны мен дамытушы қасиеті сауат ашу кезеңінен басталады. Оқу мазмұны мен бағдарламасы дамыта оқыту мақсатын көздейді. Дамыта оқыту оқушылармен шығармашылық түрде жұмыс жасауға үйретеді, әр оқушыны ізденіске жетелейді.
Дамыта оқытудың түпкі мақсаты – пәнді оқытудың тиімді әдістерін, түрлерін таңдап пайдалануға негізделеді. Осы орайда әліппе, ана тілі, қазақ тілі оқулықтары көп деңгейлі, дамыта оқылатын жаңа білім мазмұны мен ұлттық ерекшелігі бар дәстүрлі мектеп деңгейіне арналған төл оқулықтарымыз жаңа болып табылады.
“Әліппе” оқулығы Ш.Әуелбаевтың жетекшілігімен ғылыми қызметкер Р.Ізғұтынова, Ә.Наурызбаева және А.Құлажановалар жазып, 1997 жылы “Атамұра” корпорациясынан басылып шықты.[6]
“Әліппеде” психология, педагогика, лингвистика ғылымы пәндерін басшылыққа алады.
“Әліппені” оқыту мынандай кезеңдерден тұрады.
1 кезең: “Әліппеге” дейінгі кезең – 2 апта, 14 сағат.
2 кезең: Сауат ашу кезеңі – 98 сағат.
Оқу материалдары осы кезеңдердің ерекшелігіне қарай орналасқан.
“Әліппенің” алғашқы беті Елбасымыз – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың арнау сөзімен ашылған. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының рәміздері – Елтаңбамыз, Көкбайрағымыз орын алған. Олар егемендігімізді, ұлттық тәуелсіздігімізді дәріптеп, жеткіншектерді елді сүюге үйретеді.
Бұл рәміздерді әрбір оқушы танып, біліп, қадірлеп, қастерлеуге міндетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет