Түсінік хат
«Қазақ тілі» пәні ҚР БҒМ 2018 жылғы 10 мамырдағы №199 бұйрығымен бекітілген (12-қосымша) «Қазақ тілі» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқытылады. Бастауыш білім беру деңгейінің 4 сыныптарға арналған «Қазақ тілі» оқу пәнінің мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдану.
Пәнді оқытудың басты ерекшелігінің бірі – білім алушылардың сауаттылығын арттыру және тілін дамыту мақсатында жазба жұмыстарына басымдық беру
«Қазақ тілі» пәнін оқытуда мынадай педагогикалық тәсілдемелер мен технологияларды қолдануға болады:1 73 оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдемесі – әрекеттік тәсілдеме (сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша дамыту); дамыта оқыту технологиясы (білім алушылар оқу әрекетінің жүйесін игереді, өзінің іс-әрекетін жоспарлауды және оны басқаруды үйренеді); зерттеушілік тәсілдеме (білім алушылар «нені білемін?, нені білгім келеді?, нені үйрендім?» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді); саралап оқыту технологиясы (білім алушыларды қабілетіне, мүмкіндігіне, ерекшелігіне қарай оқыту міндетін қою); жүйелі-әрекеттік тәсілдеме (білім алушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіруден, өз оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынудан, оның ережелер жүйесін түсіну мен қабылдаудан, жетілдіруге белсенді қатысудан тұрады).
Тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, орфографиялық құбылыстары мен фактілері өзара байланыста оқытылады және олар білім алушылардың сөйлеу практикасында қолдануға бағытталады.
«Қазақ тілі» пәні бойынша жазба жұмыстарының түрлері және көлемі
Қазақ тілі пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) әр бөлімді қайталау мақсатында берілген сағат есебінен өткізу қарастырылады. Бөлім бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыруда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріліп (мысалы, тыңдалым және жазылым; оқылым және жазылым), жазылым дағдысын дамытуға бағытталған жазба жұмысының бір түрін қарастыру ұсынылады.