444-тапсырма. Төмендегі мөлшер үстеулерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Біраз, сонша, бірен-саран, азды-көпті, бірталай, анағұрлым, азғантай, талай, недәуір, мұнша, сондайлық.
445-тапсырма. Мекен, сын-бейне, топтау үстеулерін тауып, олардың үш бөлек бағаналарға бөліп жазыңыздар.
Алға, кейін, артқа, екеулеп, жылқы, зорға, әрең, дереу, адамзат, топ-тобымен, баға, мемлекеттік, жоғары, төмен, ілгері, қабат, қалың әдемі, қабырға, жұп-жұбымен, ертең, бүрсігүні, алды, арты, сонша, қазақша, жедел, қасақана, бас-басына, ұшу, жазу, қалыптасты, бекерге, көзбе-көз, қыстыгүні, аз-аздан, мүлік, орын, белгілі, белсенді, бастық, балға, көп-көптен, алыс, жақын, бір-бірден, оң жақ, сол жақ, орасан, әрі, шапшаң, тым бірден, ұзақ, ауыр.
446-тапсырма. Сөйлемдерден мөлшер үстеулерін тауып, оларға сұрақтар қойыңыздар.
Бүгінгі таңда қазақ тілінің фонетикалық-грамматикалық құрылысы едәуір зерттеліп, танылып қалды, лексикалық қат-қабаттары да жинақталып, әр алуан сөздіктер жасалды. Сонымен біраз томсарып отырып барып, қайта қыбырласқанда, Құнанбай ойдағы сөзін бастады. Көксерек әлі онша жақындаған жоқ. Кен орындарын іздеп-табу жұмыстарының қарқынын сондайлықты жеделдету шаралары іске асырылуда. Кен түсімі неғұрлым жоғарылаған сайын, жоғалым коэффициенті кемиді. Жігіттің даусы аз саябырлады да, қақпаны қайта ашты. Біз күткен пойыз мезгілінен біраз кешігіп, түн ортасы ауа келді.
447-тапсырма. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет! Өлеңнің мағынасын түсініп, жаттаңыздар. Тәуелсіздігімізді қашанда мақтан тұтыңыздар.
Т ә у е л с і з д і к
Өзіңдікі Елің де, Асқар тау да сенікі,
Өзіңдікі Жерің де. Бақша-бау да сенікі.
Өзіңді-өзің еткен Бақ - Қалтқысыз Доспенен,
Тәуелсіздік төрінде! Қатал Жау да сенікі.
Өзіңдікі – Туың да, Ұраның да – жасасын!
От пен Ауа Суың да. Құраның да жасасын!
Жаса, Қазақстаным, Қасиет-кие дарыған
Белді бекем буын да! Ұланың да жасасын!
(Иран-Ғайып)
Достарыңызбен бөлісу: |