«Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылар Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т б


А с т а н а Өлеңін жазған Абдрахман Асылбек



бет158/204
Дата15.11.2023
өлшемі1,66 Mb.
#123498
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   204
А с т а н а


Өлеңін жазған Абдрахман Асылбек.
Әнін жазған Қабділрашид Қайым
Тарихы таңғажайып дастан – аңыз, Астана – байтақ жердің кіндігі бұл,
Арқада – алтын орда Астанамыз. Астана – дарқан төрдің түндігі нұр.
Керемет сәнді үйімен, ән күйімен, Береке, мерекелі ортақ орда. Құлпырып көз тартады бас қаламыз.
Астана – жалпақ елдің бірлігі бұл.
Астана, Астана – Қазақтай халқы бар,
Көркем бұл жас қала Кеңпейіл салты бар,
Өркенде бас қала, Әлемге даңқы бар –
Астана, Астана! Астана, Астана, Астана!
Қазақтың қасиетті әр төбесі,
Астана – алып тұлғаң нар төбесі.
Ғасырдан ғасырларға қанат жайып,
Асқақтап арта берсін мәртебесі!
13-апта. 37-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Сабақтас құрмалас (мезгіл, мақсат бағыныңқылы) сөйлемдер.
455-тапсырма. Қазақстанның мәдени және табиғи ескерткіштері туралы мәтінді мұқият оқып, мағынасын түсініп, мазмұндаңыздар.


Өркениетке өрлеу жолында
* * * * *
Қазақстанның мәдени және табиғи
ескерткіштері. «Алтын адам»

Мәдени ескерткіш дегеніміз адам баласының шексіз қиялы мен шебер қолынан шыққан әр алуан дүниелер. Оған – ғимарат-кесенелер, мешіттер, мүсіндер, сурет-портреттер, зергерлік бұйымдар, металдар мен қыштан, ағаштан жасалған түрлі тұрмыстық заттар жатады.


Біздің ұлтымыздың көнеден келе жатқан мәдени ескерткішіне – киелі баспанамыз киіз үйді жатқызуға болады. Сонымен қатар жетпіске тарта сазды аспаптар, ат әбзелдері мен төрт түлікке қажетті құрал-сайман түрлері де, тұрмыстық бұйымдар да көнеден сақталған.
Ал ғимарат-кесенелерге келсек Ұлытаудағы Алаш хан, Жошы хан мазарлары, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауидың, Тараздағы Қарахан, Айша бибі кесенелерін айтуға болады. Бұлар алғашқы орта ғасыр туындыларына жатады.
Тым көнеден жеткен (б.э.д.) жәдігерлеріміз – Есік қаласынан табылған «Алтын адам» (Алматы облысы), Шығыс Қазақстан облысы Қотан-Қарағай ауданы Берел қорығынан шыққан алтын адамдар (әйел және еркек), он екі арғымақ әбзелдері. Атырау өңірінен табылған осыған ұқсас жәдігерлер құнды мұралар болып саналады. Ешқандай басқа ұлттарда қайталанбайтын, кездесе бермейтін ұлттық киім үлгілерінің өзі ұлтымыздың мақтанышы. Таңбалы тастар мен балбал тастар тарихымыздың түп негізі.
Табиғи ескерткіштер сан мың жылдарға созылған табиғи құбылыстардың әсерінен (жел, су, ыстық пен суық, жер сілкінісі, т.б.) пайда болған ғажайып кескіндемелер. Қазақстан жерінде мұндай табиғат таңғажайыптарын жүздеп санауға болады. Жазық жерде жеке тұрған Толағай тауы, Көкшетаудағы Оқжетпес, Жұмбақтас, Шайтан тас, Жеке батыр, Қаратаудағы Келіншек тау, Қыз төккен, Алатаудағы Шарын шатқалдары, Көлсай, Алтай тауларындағы түрлі жартастар.
Іле бойындағы Әнші құмдар, Маңғыстаудағы Шерқала сияқты мүсінді төбелер, Қазығұрт тауындағы Кеме қалған орын – мұның бәрі табиғат туындылары.
Қазіргі кезде мәдени ескерткіштер мемлекет қамқорлығына алынып, оларды жөндеу, көшіру, тиімді жерлерде сақтау шаралары қарастырылған. Табиғаты таңғажайып өңірлерге апаратын туристік орталықтар құрылған. Мұндай құнды мұраларды қорғау және сақтау әрбір азаматтың адамдық парызы.


Сөздік:
кесене – мавзолей мүсін – скульптура; бюст
қыш – кирпич саз – мелодия; мотив; болото
кескіндеме – живопись жәдігер – наследие; память
әбзел – снаряжение; амуниция; утварь жартас – скала; утес
таңбалы – приметный; отмеченный; клейменный; имеющий тамгу; знак




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет