«Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылар Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т б


-тапсырма. Мәтінге сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырып, оны рөлге бөліп оқыңыздар



бет165/204
Дата15.11.2023
өлшемі1,66 Mb.
#123498
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   204
469-тапсырма. Мәтінге сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырып, оны рөлге бөліп оқыңыздар.
470-тапсырма. Мәтіннің бірінші жарты бөлігінен үш сөйлемді алып, оның негізгі мағынасын сақтай отырып, себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер жасаңыздар.
Ү л г і :
Қазақстан жұртшылығымен санаспай, басқа елдің өкілін мемлекет басшысы етіп тағайындаған+дықтан, қазақ жастарының наразылығы туды.


471-тапсырма. Мәтіннің екінші жарты бөлігінен үш сөйлемді алып, оның негізгі мағынасын сақтай отырып, қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер жасаңыздар.
Ү л г і :
Жастар жоғары лауазымды қызметтер атқар+ып, «Қазақстан – 2030» даму стратегиясының қалыптасуына, дамуына елеулі еңбектерімен өз үлестерін қосып келеді.


472-тапсырма. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді тауып, олардың бағыныңқылары мен басыңқыларының қандай тұлғалар арқылы байланысып тұрғанын айтыңыздар.
Кемеңгер би елдермен пайда болған дау-жанжалға әділ билігімен араласқандықтан, ол қарақалпақ, өзбек, түркмен халықтары арасында жылы қабылданды. Желтоқсан оқиғасы дүр сілкіндірген соң, қалғып кеткен ұлттық сана оянып, үлкенді де, кішіні де ойға қалдырғандай болып еді. Тәуелсіздік таңы атқаны себепті, қазақша балабақша мен мектептер ашыла бастады. Ер Төстік жалмауыз кемпірдің қолында қалғандықтан, елі одан күдерін мүлде үзіп еді. (Ертегіден). Сол жылы Асқардың стипендиядан басқа қаражаты болмаған соң, бір мезгілде пристаньда қара жұмыс істейтін еді. Беті ашылып, жалаңаштанып қалған тау жыныстарының белгілі бір мезгілде беті ашылуы себепті, ол өзгеріссіз қалпын, құламайтын қасиетін сақтайды.


473-тапсырма. Қазақстанның дамуының негізгі жолдары белгіленген ұзақ мерзімдік міндеттерінен мәлімет алып, есте сақтаңыздар.




















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет