«Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылар Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т б



бет21/204
Дата15.11.2023
өлшемі1,66 Mb.
#123498
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   204
(А.И. Левшин – әйгілі тарихшы)

Абылай хан (Әбілмансұр) – қазақ халқының ұлы ханы, қолбасшы, аса көрнекті мемлекет қайраткері, саясаткер, дипломат, қазақ жерін біріктіруші.


Абылай – Орта жүз ханы, Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. «Ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, Төле бидің қолына келеді. Жас Абылай Төле биге қызметкер болып, жылқысы мен түйесін бағады.
Ол 20 жасында қан майданда ерлігімен танылады. Сол кезеңде қалмақтың батыры Шарышты жекпе-жекте өлтіреді.
XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығында қазақ халқы үлкен ауыртпашылықты басынан кешірді. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Орал башқұрттары жан-жақтан қазақ ауылдарын шауып, талан-таражға салды. Оған табиғат апаттары – қатал қыс, көктайғақ, жұт қосылып, қыспаққа алады.
Қазақ даласында 1724 жылы бастаған жоңғар шапқыншылығына қарсы белсенді күрес барған сайын күшейе түсті. 1726 жылы Ордабасы деген жерде ( ол қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы қазақ хандығының ежелгі астанасы Түркістанның маңы) үш жүздің өкілдері бас қосқан жиналыс өткізіледі. Әбілқайыр хан әскердің бас қолбасшысы болып сайланып, барлығы бір келісімге келеді.
Қазақ қоғамында рухани бірлестіктің ерекше жағдайы қалыптасады. Халық арасынан Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек, Олжабай, Жәнібек сияқты нағыз батырлар шықты.
Халық басынан кешіп отырған қиын жағдай – жартылай күйреуге ұшыраған қазақ мемлекетін қалпына келтіре алатын адамды талап етті. Ондай адам табылды. Оны елі Абылай деп атады, ал шын есімі Әбілмансұр болатын. Ол өзінің жеке басының алғырлығының арқасында атақ-даңққа жетіп, халық құрметіне бөленді.
Қазақтың бірде-бір ханы Абылайға дейін де, одан кейін де мұндай шексіз билікке ие болып, халық құрметіне бөленген емес. Ол алпауыт рубасылары мен сұлтандардың бетімен кетуіне тиым салды.
1730-1733 жылдар аралығында болған бір ұрыста жеңіп, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналды.
Абылайдың әскери қолбасшы ретінде қабілеті 1730-1740 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінеді. Абылай жоңғарлармен соғысқа Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, Мүйізді Өтеген және тағы басқа қазақтың белгілі батырларымен бірігіп қатысады.
1771 жылы Орта жүз ханы болып сайланған Абылай іс жүзінде бүкіл қазақ даласына билігін жүргізіп, қазақ халқының тұтастығын сақтау үшін, Ресей үкіметімен де, Қытайдағы Цин империясымен де бейбіт қатынастар орнатуға күш салды. Сол үшін ол айтарлықтай саяси ұтыстардан бас тартты. Өз кезінде мұндай саясат бірден-бір дұрыс айла болуы да мүмкін, қазақтар тек осылай ғана тәуелсіздігін сақтаған. Ал Абылай Жоңғарияның көп ұзамай күйрейтінін алдын-ала білген.
Абылай жоңғарлардың иелігіне өтіп кеткен көп жерлерді табанды жорықтар жасап, қайтарып алды. Жазба деректерде Абылайдың шетел басқыншыларымен де күрес жүргізгендігі туралы деректер сақталған. Абылайдың дипломатиялық әрекеттері, оны өз заманының ұлы қайраткері деңгейіне көтерді.
Абылай Қазақ хандығының күшін біріктіріп, оны әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырды. 1766-1768 жылдары Абылай Қоқан хандығына соғыс ашып, Ташкентті бағындырған. Кейіннен мұсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауғанстан шахымен келіссөз жүргізеді, Түркиямен байланыс жасайды.
XVIII ғасырда Қазақстанды жаулап алуды көздеген Жоңғар хандығы мен Маньчжур-Қытай империясына қарсы күресте үш жүздің басын қосып, күшін біріктіруде Абылай хан зор рөл атқарды, үлкен еңбек сіңірді.
Қаһарлы хан, ұлы қолбасшы Абылай дарынды күйші ретінде де тарихта белгілі. Оның «Ақ толқын», «Алабайрақ», «Қайран елім», «Қара жорға», «Шынды жорық», «Жетім торы», «Бұлан жігіт» және тағы басқа күйлері бар.
Ол Түркістанда тұрып, 1781 жылы дүние салды. Оның сүйегі Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне қойылған. Абылай ханға елімізде ескерткіштер орнатылып, үлкен қалалардағы даңғылдарға, университеттерге оның есімі берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет