«Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылар Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т б
64-тапсырма. Сөйлемдердегі көмекші есімдердің астын сызыңыздар. Жақсы ән, жарқын сөз, көңілді күлкі түннің жарым ортасы ауғанша толастамай, қалықтады да тұрды. Бір мезгілде қасына Абай келді. Маңайында жауын алдындағы майда қоңыр жел баяу соғып тұрды. Жастар тобы оны алты қырдың астына дейін шығарып салды. Сыртын көріп ішінен түңілме. Ол қанша артта қалса да, ойы, пікірі алда. Сырттан аяз, іштен жылан шарпиды. Құнанбайдың мықты жері Тобықты іші болса, әлсіз жері де осы Тобықты ішінде. Ой артынан ой туар, желге мінсең, жеткізбес. Құдық басында, кешкі ауыл сыртында, от басында Абай сөздерін бұларға оқытып отыратын Дәркенбай және көптеген кәрі-жас бар. 2-апта. 5-тәжірибелік сабақ Грамматика: Жіктік, септік жалғаулары. 65-тапсырма. Тарихтағы ірі тұлға, қолбасшы – Әбілқайыр хан туралы мәліметтерді мұқият оқып, мағынасын түсініп, мазмұндаңыздар. Кіші жүз әскерінің қолбасшысы – Әбілқайыр хан (1693-1748) Әбілқайыр хан – қазақтың Кіші жүзінің ханы, Шыңғыс ханның он бесінші ұрпағы. 1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды. XVIII ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болған шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста ерекшелік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, екі жағы тең емес шайқаста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аягөзде Әбілқайыр мен Қайып ханның 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді. Әбілқайыр өзінің күші, айласы, ақылдылығы, бірбеткейлігі, батырлығы, шабуылды ұйымдастыра білгендігімен даңқы шығып, хандыққа қол жеткізді. Ол жас кезінен батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір саясаткер болды. 1726 жылы қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі күшейген кезде, үш жүздің қазақтары бас қосқан Ордабасында болған құрылтайда, билер мен батырлар бірауыздан оны қазақ жастарының, қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Ол сол жолы Аңырқай шайқасында үлкен жеңіске жетті. Әскербасы Әбілқайыр халық жастары үшін қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды. 1728 жылы қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда олар экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді. Әбілқайыр 1748 жылы 1 тамызда өзінің ата жауы Барақ сұлтанның қолынан қаза табады. Әбілқайырдың жүргізген саясаты қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы жолында маңызды рөл атқарды. жүктеу/скачать 1,66 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |