Ү л г і: Батыл қолбасшы. Жекеше: Мен батыл қолбасшы+мын, сен батыл қолбасшы+сың, сіз батыл қолбасшы+сыз, ол батыл қолбасшы. Көпше: Біз батыл қолбасшы+мыз, сендер батыл қолбасшы+сыңдар, сіздер батыл қолбасшы+сыздар, олар батыл қолбасшы.
Хан, әскербасы, саясаткер, білгір, ақылды, батыр, дарынды, басқыншы, сұлтан.
69-тапсырма. Мәтінге байланысты алынған сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар. Сөйлемдер жіктік жалғауларына негізделсін.
Қазақ ханы, ханның баласы, үш жүз басы, батыл, халық билеушісі, шайқас басшысы, сұлтанның қызы, көшпелі халық, біртуар тұлға, ел ағасы, тәуелсіз, әйгілі.
70-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігінен септік жалғаулы сөздерді тауып, олардың сөйлемдегі қызметін түсіндіріңіздер.
Ү л г і: Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы өзінің дәуірлеу биігіне көтерілді.
«Хан» - сөздің түбірі, зат есім; «ның» – ілік септігінің жалғауы; «тұс» – сөздің түбірі; «ы» – тәуелдіктің ІІІ жағының жалғауы; «нда» – жатыс септігінің жалғауы; «өз» – өздік есімдігі, сөздің түбірі; «і» – тәуелдіктің ІІІ жағының жалғауы; «нің» – ілік септігінің жалғауы; «биік» – сөздің түбірі, сын есім; «і» – тәуелдіктің ІІІ жағының жалғауы; «не» – барыс септігінің жалғауы.
71-тапсырма. Жалғаулар сөйлемде қандай қызмет атқарады? – деген сұраққа мысалдардың негізінде жауап беріңіздер.
Септік жалғаулары (Падежные окончания)
Септік жалғаулары арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де, есімдер өзді-өздері де жалғасып, әр алуан қарым-қатынасқа түседі. Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен жалғастырып, септестіріп тұратын қосымшаларды септік жалғаулары дейміз.
Қазақ тілінде 7 септік бар. Септік жалғаулары – зат есімдердің мағыналарын түрлендіріп, оларды басқа сөздермен байланыстыратын қосымшалар.
Достарыңызбен бөлісу: |