Қазыбектің: Алтын ұяң – отаның қымбат, Туып өскен елің қымбат,
Құт-береке – атаң қымбат, Кіндік кескен жерің қымбат,
Мейірімді анаң қымбат, Ұят пен ар қымбат,
Асқар тауың – әкең қымбат, Өзің сүйген жар қымбат,-
деген сөздері қазақ жастарының есінде ғасырлар бойы өнегелі өсиет ретінде сақталып келеді, сақтала бермек. Ол Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген.
Сөздік: би – властный; пляска; судья, танец
шешендік сөз – ораторское слово
шешендік – красноречие; ораторство
рәсім – церемония; обычай; обряд
ойлы – вдумчивый; рассудительный
көреген –зоркий; прозорливый; знахарь
батыл – бесстрашный; решительный; смелый
алғыр – восприимчивый; предприимчивый; смелый; способный; хваткий
күрес – борьба
азаттық – независимость; освобождение; свобода
дәріптеу – возвеличить; воспеть; популяризация; превозносить; хвалить;
восхвалять
дана – мудрый; мудрец; штука; штучный; экземпляр
мүдде – желание; цель; интерес; запрос; намерение
99-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырыңыздар. Сөздікті жаттаңыздар. Ү л г і : – Қазыбекті кім би етіп тағайындады?
– Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі етіп
тағайындады.
100-тапсырма. Мәтіннен он етістікті теріп жазып, оларды қалау рай формасына қойып, қай шақта тұрғанын анықтаңыздар.
Ү л г і : Меңгеру (тұйық етістік). Меңгер+гі+м келіп тұр (осы шақ); меңгер+гі+м келді (жедел өткен шақ); меңгер+гі+м келеді (келер шақ).
101-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі етістіктерді қалау райға айналдырыңыздар. Ү л г і : Қазыбек би бұдан кейін де жоңғарларға екі рет елшілікке барып, ел намысына дақ түсірмей, көздеген мақсатын орындап қайтқан (орында+ғы+сы келді). Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарын одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты (жаса+ғы+сы келді). Әз Тәукенің бір орталықтан жүргізіп отырған басшылығына іріткі түсірді. Қазыбек –мемлекет істерімен қатар ру аралық сұлтандар арасындағы тартыстарға да әділ билігін айтып отырған. 1743 жылы Абылай тұтқыннан босап, қазақтың 33 қаласы Әбілмәмбет ханға қайтарылып берілген. Қазыбек өз елінің «ақтабан шұбырындыға» ұшырағанын көрген жоқ. «Жеті жарғыға» сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Мемлекеттің тұтастығына қауіп төндіре бастаған.