«Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылар Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т б


Тәуелдену (Образование формы притяжательности)



бет39/204
Дата15.11.2023
өлшемі1,66 Mb.
#123498
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   204
Тәуелдену (Образование формы притяжательности)
Оңаша тәуелдену (Формы личной притяжательности)



Жақ
(лицо)

Соңғы дыбысы (Конечный звук)




Дауысты
(Гласные)

Дауыссыз
(Согласные)

І. Менің (мой, моя, мое,
мои) І





-ым

-ім

аға+м
қала+м

әке+м
терезе+м

қыз+ым
қалам+ым

ел+ім
үй+ім

ІІ. Сенің
(твой, твоя,
твое, твои)





-ың

-ің

аға+ң
қала+ң

әке+ң
терезе+ң

қыз+ың
қалам-ың

ел+ің
үй+ің

Сіздің (ваш,
ваши, ваше,
ваши)

-ңыз

-ңіз

-ыңыз

-іңіз

аға+ңыз
қала+ыз

әке+ңіз
терезе+ңіз

қыз+ыңыз
қалам+ыңыз

ел+іңіз
үй+іңіз

ІІІ. Оның
(его, ее)

-сы

-сі





аға+сы
қала+сы

әке+сі
терезе+сі

қыз+ы
қалам+ы

ел+і
үй+і

86-тапсырма . Батыр Шақшақұлы Жәнібек туралы берілген қысқаша мәтінмен танысып, сөйлемдердегі тиісті сөздерден тәуелдік жалғаулы сөздер жасаңыздар.

Шақшақұлы Жәнібек (?-1751)жоңғар шапқыншылығы кезінде ел тәуелсіздігі үшін күрескен атақты батыр «Ақтабан шұбырындыдан» кейін босқын елдің басын қосып, азаттық күресін ұйымдастырған, Бұқар жырау сөзімен айтқанда: «Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, ормандай көп Орта жүз, содан шыққан төрт тіректің» бірі. Одан басқа ол ауыздыға сөз бермеген, қиянатқа жол бермеген әділ би, діни сауаты мол молла кісі болған. Шыққан тегі – Орта жүздің Арғын тайпасынан.


Халық өзінің сүйікті ұлын кезінде «Шақшақ Жәнібек», «Шақшақұлы Жәнібек» деп атап кеткенімен, Шақшақ оның әкесінің де, руының да аты емес, үшінші атасының аты. Шақшақтан Көшей, Көшейден Қошқар, Қошқардан Жәнібек туады.
3-апта. 7-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Етістіктің рай (ашық, шартты райлар) категориясы.
87-тапсырма. Төле би туралы мәтінді мұқият оқып, түсініп, оның тапқырлығы мен шешендігін меңгеріп, мазмұндап тәлім-тәрбиелік мәні жоғары нақыл сөздерін өз өмірлеріңізге үлгі-өнеге тұтыңыздар.


Қазақ халқының көсемдері
* * * * *
Төле би (1663-1756)
Шешен кісі – сөз бастар,
Адал кісі – ел бастар.
(Ж. Жабаев)
Қазақта Қабанбайдан асқан батыр, Төле биден асқан би жоқ.
Үш жүзге үлгі айтқан Төле би қандай да болса даулы мәселені
қорытындылаған соң, одан кейін ешкім сөз өрбітпеген.
(Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
«Едіге би» дастанынан)
Төле би Әлібекұлы ХVІІ – ХVІІІ ғасырларда өмір сүрген. 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысына қарайтын Шу өзенінің бойында Әулие ата маңындағы Жайсаң жайлау деген жерде дүниеге келген. Төле жастайынан араб, парсы тілдерін жақсы білген. Тарихи кітаптарды, аңыз қисса, дастандарды көп оқиды. Әке тәрбиесінің арқасында билікке ерте араласып, сенімнен шыға білген. Алғыр, тапқырлығымен, әділдігімен көрініп, жастайынан ел ішіндегі жер дауы, жесір дауына араласып, шешім айтып отырған.
Қазақ хандығын бір орталыққа біріктіруде Тәуке ханды қолдаған. Тәуке ханның басшылығымен Қазыбек, Әйтеке және басқа да белгілі билермен бірге қазақ хандығын құруға қатысқан. «Жеті жарғы» заңын жасасқан, сол заң кодексін шығарушылардың бірі. Ол қазақтың белгілі хандарымен, билерімен, батырларымен бірге жоңғар, қалмақ басқыншыларына қарсы халық-азаттық майданын ұйымдастырып, басшылық етті.
Әлібекұлы Төле би қазақтың Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана. Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасының Жаныс руынан.
Тәуке ханның тұсында Төле би «Билер кеңесінің» мүшесі ретінде мемлекеттік істердің оң шешілуіне айтарлықтай үлес қосқан, жыл сайын өтетін бүкілхалықтық жиынды ұйымдастырушылардың бірі.
Ол Орта жүздің төбе биі Келдібекұлы Қазыбекпен, Кіші жүздің төбе биі Байбекұлы Әйтекемен бірге Тәукенің Түркістан қаласын орталық етіп, үш жүз ұлыстарын бір орталыққа бағындырып, сөйтіп бір Қазақ хандығын құру мақсатының орындалуына атсалысады. Жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қырғыз, қарақалпақ, өзбек халықтарының одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға белсене қатысады. Бұл Қазақ пен Жоңғар хандықтарының арасы шиеленісіп тұрған кез болатын.
1723 жылы қазақ еліне қалмақтар басып кіре бастады, қазақ тарихындағы қасіретті «Ақтабан шұбырынды» атанған тарихи кезең басталды. Бұл барлық қазақтың басына түскен ауыртпалық еді. Ақтабан болды, яғни табандары көлдіреп, іріңдеді, шұбырынды болды, жылады, көз жастары көл болды, халық босып кетті.
ХVІІІ ғасырдың жиырмасыншы жылдарының басында болған Жоңғар шабуылы қазақ халқының тарихында «Ақтабан шұбырынды» деп аталып кетті.
Тап осы кезде Төле би ауып кеткен елді қайтаруға Өтеген батырды жіберді, байдың малын ортаға салып, қалған бала-шағаларды асырайды. Туыс халықтарды бейбіт қатынасқа, келісімсіз жайларға жол бермеуге, кешірімділікке шақырады. Бұл секілді елім, жерім деп еңіреген Төленің қамқорлығын ел мәңгі есінде сақтап, таусылмайтын жыр етіп жырлайды:

Елің кетті шұбырып, Бұл сапардан сескенем,


Ақ қар, көк мұз суықта Аш-арыққа қараған,
Ақтабан болған асыл жол, Бізге пайда өзгеден,-
- деп Төлеге халық айтса:
деп, Төле есі ауған елдің еңсесін көтеріп, «Бас-аяғымызды құрайық, ел есін жисын. Қазіргі ауыр жағдайда арықтаған, ашыққан, тарыққан елді аман сақтап қалу бізге көп пайда береді. Малдың бәрін ортаға салып, жан сақтаудың қамын істеңдер», - деп елді қоғамдастырып, күш-қуат, рух беріп, көңілдерін көтерді, қайта ел қылды.
Төленің осындай ерлігін, ел үшін істеген және қоғамшыл болғанын халық жыр етіп ақтарды:
Кейін қалған Үйсінді, Қара тау мен Ұлы тау,
Төле би құрып жинапты, Саласына орнапты.
Білуші еді сабазың, Қазақтың қолы күшейіп,
Өзіне келер ұятты, Қалмақты қайта айдапты.
Қазыбек, Әйтекемен бірігіп, Жауды қуып қаладан,
Үш жүздің басын құрыпты. Ташкентті қазақ қайта апты, -
дейді.
Төле би «Ақтабан шұбырындыға» ұшыраған қазақ жерін жоңғар феодалдарының езгісінен азат етуде аса зор ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыруға күш салады. Жоңғар билеушілерінің іштей әлсіреуіне ықпал
жасайды. Жоңғар хандығының құлауын қамтамасыз етеді. Бұл Төле бидің Абылай ханмен бірлесе жүргізген сыртқы саясатының ірі нәтижесі еді.
Ел аузында Төле би туралы тарихи аңыздар сақталған. Оның атымен байланысты айтылатын нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, билік кесімдер де ел арасында кеңінен тараған. Төле би есімі тек Ұлы жүзде ғана емес, Орта жүз бен Кіші жүзде де аса құрметпен аталады. Бұл оның бүкіл қазақ халқының тағдырына қатысты ірі оқиғалардың ортасында жүргенінің айғағы. Бұған Төле бидің замандасы, тағдырласы Қаз дауысты Қазыбек бидің «Төле би дүниеден өтті» деген суық хабарды естігенде: «Төле би өлді дегенше, дүниеден әділдік өлді десейші. Бүтін билікке Төле жеткен, бүтін хандыққа Есім хан жеткен, бұл екеуіне кім жеткен?» деп, жер таянып, көзіне жас алуы да дәлел болады. Бұл үш арыс, үш асылдың бірінің екіншісіне берген бағасы. Бұдан асырып, жеріне жеткізіп айту мүмкін де емес. Өйткені олар қасында жүріп, бір-бірінің қадір-қасиетін жете таныған алыптар.
Төле бидің денесі Ташкент қаласындағы Жүніс ханның жанына қойылған. Онда оған үлкен ескерткіш орнатылған.


Сөздік:
қисса – поэма; поэтическое сказание
дастан – поэма; эпос
алғыр – восприимчивый; предприимчивый; смелый: способный; хваткий
тапқыр – предприимчивый; догадливый
ұлыс – племя; народность; день великого праздника; этнос
кесім – приговор; сделка

88-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына сүйеніп сұхбат (сұрақ-жауап) құрастырыңыздар.


Ү л г і:
– Төле би қай ғасырда өмір сүрген?
– Төле би Әлібекұлы ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда өмір сүрген, 1663 жылы дүниеге
келген.

89-тапсырма. Мәтіннен ашық рай формасында тұрған етістіктерді теріп жазып, олардың қай шақта тұрғанын ажыратыңыздар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет