«Қазақ тілі» пәні Қр бғМ 2018 жылғы 10 мамырдағы №199 бұйрығымен бекітілген (12-қосымша) «Қазақ тілі» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқытылады
КТП 4 сынып
Түсінік хат «Жаратылыстану» пәні ҚР БҒМ 2018 жылғы 10 мамырдағы №199 бұйрығымен бекітілген (7-қосымша) «Жаратылыстану» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқытылады. Бастауыш мектептегі «Жаратылыстану» пәнінің мақсаты – білім алушының жаратылыстану ғылымы негіздері туралы түсініктерін қалыптастыру және зерттеу біліктері мен дағдыларын дамыту. ҚР БҒМ 26.01.2022 жылғы №25 бұйрығымен бекітілген қазақ тілінде оқытатын сыныптар үшін Бастауыш білім берудің 1-қосымшасы және қазақ тілінде оқытатын сыныптар үшін Бастауыш білім берудің 11-қосымшасы (қысқартылған оқу жүктемесі бар) бойынша үлгілік оқу жоспарларына сәйкес бастауыш сыныптарда «Жаратылыстану» пәнін оқытуға бөлінетін оқу жүктемесінің көлемі «Жаратылыстану» пәнін оқытудың ерекшеліктері: - пән мазмұнындағы деректер мен білімдер жүйесі оқушылардың қоршаған әлем туралы, атап айтқанда, әртүрлі денелер мен құбылыстар туралы алғашқы білімін қалыптастырады. - пән оқушының ғылыми-зерттеу дағдысын: сұрақ қою және сол сұраққа жауап табу, зерттеу жоспарын дайындау және болжам жасау, сұрақтарға жауап табу үшін зерттеулер жүргізу; зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді жинақтау, өңдеу және түсіндіру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. - бастауыш сыныпта оқушылар пәнді меңгеру барысында дәстүрлі емес ойлау формаларына үйренеді, ақиқатпен байланысты іс-әрекеттердің жауабын табуға, сұрақтар қоюға дағдыланады, ғылыми-зерттеу тәсілдерін түсініп, ойлауға және бақылауға дағдыланады. - білім алушыны зерттеу жұмыстары мен тәжірибелер жасау арқылы тапсырманы өздігінен ізденіп орындауына және дұрыс тұжырым жасауына бағыттайды, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Жаратылыстану пәнін оқытуда қолданылатын зерттеудің негізгі принциптері мен әдістерін меңгеру жас ұрпақтың дүниетанымын, ойлаудың ғылыми тәсілін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оқу пәнінің төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасының басты ерекшелігі - зерттеушілік білік пен дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған «Мен зерттеушімін» бөлімінің оқу мақсаттары «Жанды табиғат», «Заттар және олардың қасиеттері», «Жер және ғарыш», «Табиғат физикасы» бөлімдерінің оқу мақсаттарымен кіріктіріле жүзеге асырылады. Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес бастауыш білім беру деңгейі бойынша оқытылатын «Жаратылыстану» оқу пәнінен өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
жүктеу/скачать 148,53 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |