бар?» дегізгендей күпір ой туғызған), имене кірген ашаң өңді, жүдеу жігітке математика профессоры одыраябір қарап, өз ойынан алгебралық теңдеу құрай бастады, екі белгісізді қарапайым есеп. Қаныш қиналған жоқ, оп-оңай қағып тастады.Профессор «Әй, мынау, түйеден түскендей түземдік киргиз қайтеді, ей?» дегендей сынақ тапсырушының күнге күйген қоңырқай жүзіне тағы бір мәрте одырая қарап, алғашқыдан едәуір күрделі бірнеше есеп жазып, алдына қойды. Күпілі далалық бұларды да шығарды. Тек соңғы теңдеудің қитұрқы бүкпесі бар екен, оны шешуге едәуір уақыт ойлануға тура келді. Бір мезетте оның да кілтипанын тапты.– Мына есептің бастапқы шарты қате, Василий Иванович, – деген-ді ол Шумиловқа батылсыздау үнмен. – Теңдеу емес, теңсіздік шығады, міне, қараңыз. Сірә, мына жерде қосу емес, алу белгісі тұруға тиіс... – Оны қайдан білдің? – Теңелу шарттарын тексеру арқылы... – Бәрекелді, далалық! Өзің тіпті киргиз даласында қой бағумен бірге есеп те шығарып жүргеннен саумысың? Бірталай жан осы теңдеуден шатылып еді, ал сен... сүрінбей өттің. Жарайсың, жайсаң киргиз, жайыңды білдім. Оқисың біздің храмда, оқисың! – Әлгінде ғана құрыстанып отырған профессор жадырап, аяқастынан масаттанып
қалды.Сонымен, Қаныш – технология институты кен факультетінің студенті.Көптен бергі арманы жүзеге асып, білімнің биік ордасына қолы жеткен бақытты жан!..» [3].«Бүгінгі күннің төрінен қарағанда, мен үшін шүбәсіз шындық: Қазақстан ғылымының жолы әуелден-ақ құтты болды; өйткені оның негізін бекемдеумен Сәтбаев айналысты...», - деген ҚР ҰҒА-ның академигі Шапық Шөкиннің пікіріне сүйенетін болсақ, жазушы романның «Ұлытау жотасында» атты екінші бөлімінде Қаныш