«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 10-сынып


«Тіл және алаш идеясы. Тіл мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Pdf көрінісі
бет3/17
Дата25.04.2023
өлшемі1,05 Mb.
#86697
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
@10SYNYPBJB ҚАЗАҚ ТІЛІ ҚГБ 10 СЫНЫП VK-10SYNYPBJB

«Тіл және алаш идеясы. Тіл мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 
Оқу мақсаты 
10.1.4.1 Мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси) талдай 
отырып, негізгі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен 
байланыстыру 
 
Бағалау критерийі 
Білім алушы 

Мәтінде көтерілген мәселеге сүйеніп негізгі ойын 
анықтайды, ғаламдық мәселелермен байланыстырады 
Ойлау дағдыларының 
деңгейі
Қолдану 
 
 
Орындау уақыты 
15-20 минут 
 
Тапсырма
Мәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз 
XX ғасыр басында Алаш қайраткерлері көтерген тіл мәселелесі бүгінгі XXI ғасырдың 
да ең өзекжарды мәселесі болып отыр. Мұзафар Әлімбаев: «Туған жерді сүю – парыз, сүю 
үшін білу парыз» – десе, ана тілімізді бәріміз де сүюге, қастерлеуге тиіспіз. «Тіл адамның 
даңқын асырады. Адам ол арқылы бақыт табады» деп Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білік» 
еңбегінде жазғандай, тіл саясатын көтерген XX ғасырдың басындағы Алаш 
қайраткерлерінің қазақ қоғамындағы басты ағымдарының бірі – автономиялық басқару 
жүйесіндегі мемлекеттік құрылыс болса, екіншісі – Мемлекеттік тіл саясаты еді. Ана тіліне 
деген үлкен жауапкершілік еді. Алаш арыстарының бірі – Ахмет Байтұрсынұлы «Дүниеде 
ешбір тіл өз-өзінен шықпайды. Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қазанында 
қайнап, пісіп дүниеге келеді,» – десе, Күнбатыс Алаш Ордасының идеологы саналған 
Ғ.Қараш: «Тіл болмаса, ұлт та болмайды, яғни ұлт бүтіндей өлген, жоғалған ұлт болады. Ең 
әуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін 
білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің 
болмайтындығы өзі-ақ белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың өнері де өршімейді», – деген. Батыс 
Алаш Орда үкіметі жетекшілерінің бірі Х.Досмұхамедұлы тіл туралы: «Біздің тәжірибемізде 
қазақ тілі – бай тіл. Тек сөздерін ғылым жолына салып реттесе, ешбір жұрттың тілінен кем 
болмайды», – деген пікірді айтқан. 
1. Мәтіндегі ең маңызды 3 мәселені анықтаңыз. 
a) _________________________________________________________________________ 
b) _________________________________________________________________________ 
c) _________________________________________________________________________ 
2. Мәселенің маңыздылығын ғаламдық мәселемен байланыстырып талдау жасаңыз. 
________________________________________________________________________________ 
________________________________________________________________________________ 
3. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз 
________________________________________________________________________________ 
________________________________________________________________________________ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет