«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 10-сынып


– Қолданатын материалдар жайлы: қайсысын табу қиын/оңай? Қайсысы



Pdf көрінісі
бет7/17
Дата25.04.2023
өлшемі1,05 Mb.
#86697
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
@10SYNYPBJB ҚАЗАҚ ТІЛІ ҚГБ 10 СЫНЫП VK-10SYNYPBJB


Қолданатын материалдар жайлы: қайсысын табу қиын/оңай? Қайсысы 
мықтырақ дегендей. Қай материалмен өзіңізге жұмыс жасаған ұнайды? 

Біз пайдаланатын материалдардың ішінде домбыраның бетін жабатын шыршаны 
табу қиын. Себебі шырша ұзақ уақыт кептірілуі керек, оның жылдық сақинасы жиі 
болуы қажет деген талаптары бар. Елімізде бұл ағашты кесуге рұқсат жоқ, сондықтан біз 
оны шет елдерден алғыздырамыз. Қазіргі кезде курьерлік қызмет жақсы дамығандықтан, 
материалды табу, жеткізу қиындық туғызбайды. Тек бағалары қымбат. 

Өзіңізді «ағаш шеберімін» деп айта аласыз ба? 

Ауызекі тілде «шебермін» деп айта береді ғой. Бірақ меннен де асқан хас шебер 
ағаларым көп, менің артымнан ілесіп келе жатқан жастар да бар. Бірақ бүгіндері адамға 
тек шебер болу жеткіліксіз. Бізге іскер болу керек. Себебі шеберханаң болып тұрып, 
наныңды таба алмай қалуың да мүмкін. Өйткені істі жарнамалап, өніміңді көрсетіп, 
адамдармен тіл табыса білу маңызды. 

Домбыра 
таңдағанда 
қандай 
белгілерге 
назар 
аудару 
керек? 
Оқырмандарымызға нендей кеңес бересіз?

Домбыра таңдаған адам, біріншіден, домбыра тарта білу керек немесе тарта алатын, 


 
13 
үнін тыңдай алатын адамды қасына ертіп алғаны дұрыс. Басты талаптардың бірі – 
домбыра қолға жайлы болуы тиіс. Домбыра таңдау кезінде мықты маманның немесе 
домбыра ұстағанына көп болған білікті адамның қасында болғаны дұрыс қой. Мысалы, 
біз домбыра сатар алдында тұтынушыдан «Сіз домбыраны кімге іздеп жүрсіз? Қандай 
аспап керек? Қай өңірденсіз?» деген сұрақтарға жауап аламыз. Себебі әр өңірдің 
тиктоникалық ерекшелігі бар, соған қарап та домбыра таңдалады. Бір жердің табиғаты 
ыстық, ал екіншісінде, керісінше, салқын. Ал бұл домбыраның материалына әсер етпей 
қоймайды. Кімге арналғанын, қай жерде тұратынын, ән айтатынын немесе жыр,терме, 
күй тартатындығын біліп барып, есептеп, содан кейін ғана барып қажетті өнімді 
ұсынамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет