12
B. Алғашында жастар арасындағы жаңа киім үлгілерінің, жаңа би түрлерінің, «стиль» деген ұғымның
пайда болуынан басталды.
C. Олар панктерге өте ұқсас, тек киімдері қара түсті болып келіп, металдан жасалған бұйымдарды
таққанға әуестенді.
D. Олар өздерін «Түн періштелері», «Түнгі қасқырлар» деген лақап аттармен атайды.
2-мәтін
Жастар мәдениетінің мәселесі ХХІ ғасырда да өзекті болып табылады. Әрине,
индустрияландыру, жаңғырту, урбанизация және ғылыми инновациялар ғасыры жастардың
зияткерлік және мәдени өсуіне ықпал етеді. Бірақ жастарды тәрбиелеу, ұрпақтардың үздік мәдени
тәжірибесін беру процесі үнемі жетілдіруді талап етеді, себебі еліміздің болашағы жастардың
қолында.
Біз жүргізген әлеуметтік зерттеулердің деректері жастардың, колледж және жалпы білім
беретін мектеп оқушыларының, еліміздің жоғары оқу орындары студенттерінің 80%-дан астамы
мәдени адам қасиетіне ие емес, этикеттің қарапайым ережелерін білмейді, киім мәдениеті, қарым-
қатынас мәдениеті мәселелерін және адам мәдениетінің басқа да маңызды аспектілерін сирек
талқылайтынын көрсетеді.
Қазіргі қоғамда жастар бағдарлай алатын ең үздік мәдени үлгілер бар, олар жастарға өз
құндылықтарын асыра бағалауға және өзінің мінез-құлқын, өмір салтын және мінез-құлықтың, іс-
әрекет пен ойлаудың үздік үлгілерімен өлшеуге мүмкіндік береді. Л.Фейебахтың дәйексөзін еске
түсіру маңызды: «қарым-қатынас жақсарады және жоғарылайды; қоғамда адам өз-өзін
жалғыздықтан өзгеше ұстай алмайды».
Жас адамның жүріс-тұрысы мәдениетінің қажетті деңгейіне жету үшін жастарды үйрету және
оларға мәдени әлемнің алуан түрлілігіне, мінез-құлық мәдениетіне, бос уақытты тиімді өткізуге,
демалуға көмек көрсету маңызды. Жастардың мінез-құлық мәдениетінің мәселелері отбасылық
қарым-қатынастар мәдениетімен, тұлғааралық қарым-қатынастармен және қоғамның барлық
салаларындағы қарым-қатынастар мәдениетімен өзара байланысты.
Жастар ортасы өзінің басымдықтарын, мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады, бірақ онда
адамзаттың мінез-құлық мәдениетінің үздік үлгілері насихатталуы тиіс.
1. Мәтін қандай стильде жазылған? _________________________________________________
_____________________________________________________________________________ [1]
2. Мәтіннің негізгі идеясы қандай? Жауабыңызды 2-3 сөйлеммен түсіндіріп жазыңыз.
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________ [2]
3. ХХІ ғасырда жастар мәдениетінің мәселесі өзекті болу себебі неде? 2-3 сөйлеммен жауап жазыңыз.
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________ [2]
Достарыңызбен бөлісу: