11
Оқылым
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
[10]
1-мәтін
Субмәдениет қоғам мәдениетінің бір бөлігі болғандықтан, жастар арасындағы субмәдениетті
жастардың өздері қалыптастырады.
Субмәдениеттің пайда болу тарихы сонау 1950 жылдардан бастау алады. Алғашында жастар
арасындағы жаңа киім үлгілерінің, жаңа би түрлерінің, «стиль» деген
ұғымның пайда болуынан
басталды.
ХХ ғасырдың 30 жылдары Америка Құрама Штаттарында
пайда болған мотоциклмен
жүретіндер байкерлер тобы болды. Олар өздерін «Түн періштелері», «Түнгі қасқырлар» деген лақап
аттармен атайды. Киім үлгілері роккерлер стиліне өте ұқсас. Түнгі
клубтарды шарлап, кең
трассаларда мотоциклмен жүргеннен рахаттанады. Денелерінде татумен жазылған түрлі бейнелер
болды.
Субмәдениетке жататын арнайы топтардың тағы бір түрі – готика.
Готика мәдениеті ХХ
ғасырдың 70 жылдары панктермен қатар пайда болды. Олар панктерге өте ұқсас, тек киімдері қара
түсті
болып келіп, металдан жасалған бұйымдарды таққанға әуестенді.
Олар қоғамда өз
жақтаушыларын айналасына көптеп жинады. Олардың ерекшелігі – киім үлгілері. Готикалардың
киім үлгілерінде: египеттік,
христиандық, кельттік сегізжұлдызды белгілер болады. Олар қара түсті
киімдер киіп, тырнақтары мен шаштарын да қара түске бояп, ал бет-әлпеттерін
аппақ гриммен
бояуды өздерінің имидждеріне айналдырды.
Кейінгі жылдары Қазақстан жастарының арасында да «эмошылар» белең алған. Эмо
«эмоционалды» деген терминнен алынған. Қайғылы өлеңді ұнататын топ. Қазіргі күнде музыканың
бұл түрі: эмокор, эмо-рок, кибер-эмо, панк-эмо, эмо-вайоленс, скримо, френч-эмокор, хардкор-сан-
диего болып бөлінеді. Эмошы жастар тек эмоционалды музыка тыңдауға ғана әуес емес. Олар
өмірдегі барлық оқиғаларға эмоционалды тұрғыда қарайды.
Достарыңызбен бөлісу: