1-мәтін Қай қаланың шынайы келбетін көргіңіз келсе, ең бірінші, қала маңындағы күл-қоқысқа мән
бергеніңіз жөн. Бүгінгі басты қатер – жаһандық мәселенің біріне айналған күл-қоқыс машақаты.
Өнеркәсіп дамыған әр кезеңде әрі адамзат кемел өмірге талпынған сайын экологиялық ахуал
төмендей бермек. Әлемдік статистикаға сүйенсек, зауыт қалдықтарымен бүлінген, қоқыс
қалдықтарына толған әлемдегі ең лас өзеннің бірі – Цитарум. Индонезияның Джакарта қаласында
орналасқан бұл өзенге 9 миллион тұрғынның қоқысы тасталады. Экологиялық ахуалы төмен бұл
өзенді халық ауызсу орнына пайдалануға мәжбүр екен. Өз дертіне, табиғат дертіне жол беріп
отырған адамдардың әрекетіне не дерсің? Мәселен, Швеция қоқыс қалдықтарын электр қуаты
ретінде пайдаланса, Сингапур оның тоқсан пайызын өндіреді, Германия, Жапония, АҚШ сынды
алып мемлекеттер миллиондаған пайда табуда. Ал біздегі жағдай қалай?
Алысқа бармай-ақ, қаладағы жағдайдың қазіргі жағдайы адам көргісіз. Әр жерде жатқан
полиэтиленді пакеттер, қалбырлар мен бөтелке шөлмектері, атап айтқанда тұрмыстық заттардың
түр-түрін кездестіре аласыз. Қала тұрғындарының ұқыпсыздығы мен немқұрайлығы қаланың
ластануына зиянын тигізіп жатыр. Біреулер көшедегі қоқысты жинаса, ал енді біреулері сол жәшікке
жетер-жетпестен қолындағысын лақтырып кетеді. Адам өміріне, денсаулығына аса қауіпті
жайттарды біле тұра білместік таныту – түбі жақсылыққа әкелмесі анық. Жоқтан бар жасауға
әлдеқашан кіріскен мемлекеттерден үлгі алатын кез жетті. Еліміздің әр өңірінде бір-бір қоқыс
өндіретін зауыт салынса, табиғаттың тынысы ашылып қана қоймай, жұмыссыз жүрген адамдардың
екі қолына бір күрек табылар еді.
Тазалығы табалдырығынан басталған қаланың көрікті келбеті халықтың мәдениетімен тығыз
байланысты. Ал мәдениет бар жерде қалаға деген жаңашырлық, сүйіспеншілік те бар. Адамдар
тазалыққа ортақ жауапкершілікпен қараса нұр үстіне нұр болар еді! Қай уақытта да ғұмыр кешіп
жүрген ортамызды таза ұстау, Жер-Анаға қиянат жасамау адамзаттың қолында. (248 сөз)