29
2-мәтін
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы 1978 жылы 30 қыркүйекте
«Республикалық Қожа Ахмет Яссауи кесенесі сәулет ғимараты музейі» болып ашылды.
Қорық-мұражай өз жұмысын негізгі екі бағытта жүргізеді. Бірінші бағыты — Түркістан
өңіріндегі тарихи-мәдени
ескерткіштерді есепке алу, сақтау, қорғау жұмыстары. Құрамында 207
тарихи-мәдени ескерткіш бар. Олардың ішінде 1-і халықаралық, 16-сы
республикалық, 14-і
жергілікті маңызға ие. Қалған ескерткіштердің статусын анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Халықаралық дәрежедегі Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ортағасырлық теңдессіз сәулет туындысы
ретінде 2003 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне алынды.
Әлемдік маңызға ие
болған ескерткіштің ұлттық пантеон ретіндегі алар орны да айрықша. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне
300-ден аса тарихи тұлғалар жерленген болса, қорық-мұражай
мамандарының зерттеулері
нәтижесінде сол тұлғалардың бүгінгі таңда 184-і анықталды. Қорық-мұражайының қорында 25000
дана құнды тарихи жәдігерлер қордаланған.
Екінші бағыты – қорық-мұражай ретінде, ғасырлар елегінен өтіп, бүгінгі күнге жеткен көне,
тарихи құнды жәдігерлерді сақтау, қорғау, қайта қалпына келтіру
және оларды насихаттау
жұмыстарын жүргізеді. Қорық-мұражай аумағындағы жұмыс істейтін «Түркістан тарихы»,
«Қылует» жер асты музейі, «Жұма мешіті» және Яссауи кесенесі
музейлерінің экспозиция
алаңдарында жылына түрлі тақырыптағы 50-ге жуық көрме ұйымдастырады. Республика бойынша
көшпелі көрмелер ұйымдастырылып, еліміздің барлық облыстары және Оңтүстік өңірінің аудандары
түгел қамтылып келеді. Қала мектептерімен де тығыз қарым-қатынастар орнатылып, тақырыптық
дәрістер жүргізу мен мектептерде көрме ұйымдастыру жұмыстары жақсы жолға қойылған.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы еліміздегі барлық
республикалық, облыстық мұражайлармен әріптестік орнатқан және солардың арасында келушілері
ең көп мұражай болып табылады. Келушілерге көрсетілетін қызмет түрлері де талапқа сай жүйелі
жолға қойылған. Осындай атқарылған іс-шаралар нәтижесінде қорық-мұражай
ағымдағы жылда
халықаралық ICOM одағының «Жыл мұражайы» дипломына ие болды. (243 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: