Тыңдалым мен айтылым Тапсырма 1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтінде көтерілген мәселені және автор көзқарасын талдап, өз
көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтерілген мәселе бойынша маңызды деп
санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді
білдіріңіз.
[10]
1-мәтін Әрбір мемлекет пайда болғалы бері мынадай 3 факторға баса назар аударып келеді. Олар:
мемлекеттік саясат, экономикалық бағыт және экологиялық жағдай. Бұл үшеуі бір-бірімен тығыз
байланысты. Экономика мен саясаттың өзгеріп тұруы – заңды құбылыс, ал экологиялық апатты
тоқтату немесе бағытын өзгерту – өте күрделі құбылыс. Осындай ластануға адам ағзасы үйренгелі
бері бұл өзгерістерді тіптен сезбейтін болған. Адам денесіне енген улы заттар ағзаға кері әсерін
тигізіп, денсаулығын бұзады. Ағзаның күрделі патологиялық өзгерістеріне алып келеді. Осындай
жағдайлар пайда болғалы бері ғалымдар көптеген тәжірибелер жасаған. Мысалы, екі бақаны алып,
бірінші бақаны ыстық су құйылған стаканға салады. Сонда әлгі ыстық суға салынған бақа бар
пәрменімен стаканнан секіріп шығып, аман қалады. Ал екінші бақаны суық су құйылған стаканға
салып, стаканды біртіндеп қыздырады. Температураның біртіндеп көтерілуіне бойы үйренген бақа,
ең соңында ыстық суға пісіп өледі. Осы тәжірибеден нені аңғаруға болады? Қазіргі кезде адамзаттың
тағдыры екінші бақаның тағдырына ұқсап келеді. Қоршаған орта, айналамыз біртіндеп ластанғалы
бері оған бойымыз үйреніп, қоршаған ортадағы қатты қалдықтарға, ластанған суларға, ауаға мән
бермейміз. Ал осы ластанулар біздің өмірімізге қаншалық қауіп әкелетіні айтпаса да түсінікті.
Ауа зат алмасуды арттырады, қан айналымын жақсартады, ағзаның қорғаныс күшін
нығайтады, ауруларға қарсылықты күшейтеді. Алайда техника қарыштап дамығалы бері таза ауаға
қауіп төніп тұр. Тек адам денсаулығына емес, барлық тіршілікке қауіпті. Қоршаған орта улы
қалдықпен, химиялық заттармен ластанғалы бері көптеген ауруларды туғызып, адам өлімін
көбейтіп, тіпті климат өзгеріп ауа райына да тікелей әсер етуде. Түрлі шаң, тозаң ауаға көтеріліп, біз
30
дем алатын ауаны ластайды. Адамдар да ойсыздықтың салдарынан ауаға зиян келтіріп отыр. (241
сөз)