1. Тақырыбы: Қола дәуіріндегі Қазақстан. Сағат саны: 1 Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Қола дәуірінің кезеңделуі.
2. Андронов мәдениеті.
3. Қола дәуіріндегі шаруашылық және қоғамдық өзгерістер.
Әдістемелік нұсқау: Семинар тақырыбы бойынша дайындалған кезде студенттердің ең алдымен келесі мәселелерге назар аударуы қажет: адамзаттың пайда болуы туралы түсініктер, адамзат тарихының археологиялық кезеңделу бойынша тас, қола және темір дәуірлеріне бөлінуі. Бірінші сұрақ бойынша қола дәуірінің кезеңделуі ерте қола, орта қола, кейінгі қола кезеңдерінің хронологиялық мерзімін анықтап, әрқайсының ерекшеліктеріне сипаттама беріледі. Қола дәуірінің Қазақстан аумағынан табылған ескерткіштері: тұрақтар, қоныстар, құрылыстар, т.б. және оларды қай ғалымдардың зерттегені жайында айтып өту керек.
Екінші сұрақ бойынша Андронов мәдениетінің таралу аймағы, ооның ашылуы, таралу аймағы, зерттелуі, осы мәдениетке тән белгілер, оны жасаушы тайпалардың ескерткіштері туралы айтылады. Қазақстан аумағынан табылған қола дәуірінің ескерткіштері, Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениетінің зерттелуі (Ә. Марғұлан, А. Оразбаев, С. Черников, А. Максимова, т.б.), ескерткіштері, т.б. мәселелер назардан тыс қалмауы тиіс.
Үшінші сұрақ бойынша: 1) қола дәуіріндегі шаруашылықтағы өзгерістер – егіншіліктің, металлургияның, қолөнердің дамуы, мал шаруашылығының көшпелі сипат алуы; 2) адамзат қоғамындағы өзгерістер – тайпалардың құрылуы, қоғамда ер адамдардың үстемдігінің орнауы, оның себептері, әлеуметтік және мүлік теңсіздігінің өсуі, сондай-ақ материалдық және рухани мәдениеттің дамуы туралы айтылады.
Әдебиет: 1. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. - Алматы, 2005.
2. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. - Алматы, 2007. – 274 б.
3. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерктер). – Алматы: «Дәуір», 1994. – 446 б.
4. Қаражан Қ.С., Әбсеметова Ж., Қозыбақова Ф.А. және т.б. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. - Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 376 б.
5. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. - Алматы, 2007. – 344 б.
6. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. - Алматы, 2008. – 640 б.