Қазақ тілі пәнінен тест жинағы. Мазмұны: Фонетика



бет16/22
Дата15.06.2022
өлшемі491,5 Kb.
#36907
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Байланысты:
0000c62d-2cf1f9d6

Ала жаздай үй салумен болды.
А) Бастауыш В) Баяндауыш С) Анықтауыш Д) Толықтуыш Е) Пысықтауыш
21. Баяндауыштың жасалу жолы.
М.Әуезовтің соңғы романы - "Өскен өркен"
А) Дара сөз В) Туынды сөз С) Біріккен сөз Д) Қос сөз Е) Күрделі атау
22. Мезгіл пысықтауышты табыңыз.
А) Дала жайқалып тұр. В) Қалада оқиды. С) Көптен бері сырласамыз.
Д) Сылқ-сылқ күлді. Е) Көңілді кеш болды.
23. Қаратпа сөзді табыңыз.
А) Мырза, шолғыншылар оралды. В) Өй, жайыңа жүр.
С) О, жауыздыққа шек бар ма? Д) Кейін анықтасам, айтқаны дұрыс екен.
Е) Тәйт, қалжыңды қой.
24. Баяндауыштың жасалу жолын көрсетіңіз.
Қара қазан бұрқ-бұрқ қайнап жатыр.
А) Етістік В) Есімше С) Көсемше Д) Күрделі етістік Е) Зат есім
25. Қосарлы айқындауыш тұрған сөйлемді табыңыз.
А) Пайда, мақтан - бәрі тұл. В) Көбінің жүзі ақшыл не қызғлт сарғыш келеді.
С) Ақәділ қария ақ боз үйдің есігін түргізіп қойып, әңгіме айтып тұр.
Д) Қызыл, жасыл жапырақтар жерде жатыр. Е) Есік алды гүлмен құлпырып тұр.
26. Қаратпа сөзді табыңыз.
А) Зеренің, Құнанбайдың кәрі шешесінің, көк арбасы екен.
В) Сөйлейді Жамбыл бәріңе. С) Теріскейден соққан жел әрі суық, әрі күшті.
Д) Ей, аққу, сәлем деші жолыққанда. Е) Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да.
27. Кімім? Нем? - қай сөйлем мүшесінің сұрағы, табыңыз.
А) Пысықтауыш. В) Анықтауыш. С) Толықтауыш. Д) Баяндауыш. Е) Бастауыш.
28. Мезгіл пысықтауышты табыңыз.
А) Өршелене соқты. В) Бір күні келер. С) Қасақана. Д) Одан әрі отыр. Е) Ілгері кетті.
29. Тіркес түрін анықтаңыз.
Жұқа тақтай.
А) күрделі сөз. В) еркін тіркес. С) мәтел. Д) тұрақты тіркес. Е) мақал.
30. Зат есімнің орнына жүріп, бастауыш қызметін атқарып тұрған есімдікті көрсетіңіз.
А) Бір-біріне сыбырлай сөйлеседі. В) Әрқашан өзіңді ойлағайсың.
С) Бірде шал сол ұлдарын жинапты. Д) Сөйлеуші, айтушы адамдар - басқалар.
Е) Бұным - саған көмектескен назым.
31. Тұйық етістік сөйлемнің қандай мүшесі, белгілеңіз.
Жақсының қасиеті - жарыстыру,
Жаманның қасиеті - таластыру.
А) Бастауыш. В) Баяндауыш. С) Анықтауыш. Д) Толықтауыш. Е) Пысықтауыш.
32. Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын көрсетіңіз.
А) Темір күрек. В) Білімге ұмтылу. С) Сенімді ақта. Д) Біздің таласымыз.
Е) Жұмыстың пайдасы.
33. Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы зат есімнен болған сөйлем.
А) Жидебай - Шыңғыс елі мен жерінің кіндігі. В) Ертеңгі арман.
С) Көп түкірсе - көл. Д) Ерлік күші. Е) Көзімнің оты шықты.
34. Етістіктен болған баяндауышты анықтаңыз.
А) Абай кітапқа үңілді. В) Біз жиырма төртпіз. С) Айтпағым - осы.
Д) Заман - жастардікі. Е) Жүрісте, отырыста Құнанбай әлі тіп-тік.
35. Еркін тіркестің бағыныңқысы - көптік жалғауы жалғанбайтын сөз, дұрысын
белгілеңіз.
А) адамдар келді В) үй салынды С) гүл суарылды Д) шаш өсті Е) жүк жиналды
36. Бағыныңқысы сан есімнен болған тіркес - қандай сөйлем мүшесі, белгілеңіз.
Карточкадан қырық санын қырық.
А) бастауыш В) толықтауыш С) анықтауыш Д) пысықтауыш Е) баяндауыш
37. Жалғау арқылы байланысты табыңыз.
А) Батыр жігіт. В) Қалың орман. С) Үйге кіргізу. Д) Бірте-бірте түсіну.
Е) Ұсақ жәндік.
38. Мақсат пысықтауышты табыңыз.
А) Құтылып кетті. В) Күлдіру үшін айтып отыр. С) Киноға дейін талай уақыт бар.
Д) Шалқасынан жатыр. Е) Ішек-сілесі қата күлді.
39. Етістікті сөз тіркесін табыңыз.
А) Көкке қарады. В) Ұзын бойлы. С) Жылы сөз. Д) Қаланың іші. Е) Он күн.
40. Қаратпа сөзге тән тыныс белгісін қойыңыз.
Тоғжан япырмай, жақсы айттыңыз-ау.
А) үтір В)нүкте С) көп нүкте Д) леп белгісі Е) сұрақ белгісі
41. Интонация арқылы байланысу тәсілін табыңыз.
А) Сыңғырлаған күлкі. В) Арпа-бидай жиналды. С) Алма-кезек дүние.
Д) Ахмет - инженер. Е) Ант-су ішу.
42. "Биік қорған" сөзіндегі басыңқыны қай қатарға жатқызамыз.
А) зат есім В) сын есім С) сан есім Д) есімдік Е) етістік
43. Бұйрықты сөйлемді табыңыз.
А) Не күдігіңіз бар еді? В) Уәделі уақытында кел. С) Мынау қоян жепті ғой.
Д) Қандай айғақ таптыңыз? Е) Қандай ғажап!
44. Сөз тіркесінен тура толықтауышты табыңыз.
А) Келгеніне риза болды. В) Ауданға барды. С) Ойында сақтаулы.
Д) Оны білгенін жасырды. Е) Оқуға түсті.
45. Етістікті сөз тіркесін табыңыз.
А) Аспанға қарады. Қысқа бойлы. С) Жылы сөз. Д) Қаланың іші. Е) Қырық күн.
46. Етістікті тіркес байланысу түрінің қай қатарына жатады, белгілеңіз.
Еңбекке баулу.
А) Қиысу В) Матасу С) Меңгеру Д) Қабысу Е) Жанасу
47. Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын табыңыз.
А) Мақсаттың үйі. В) Арбада отыр. С) Жазғы науқан. Д) Колхозды байыту. Е) Тас диірмен.
48. Мақсат пысықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
А) Басқыштан түсіп келе жатып кілт тоқтады. В) Осы мінезің үшін дос болғым келеді. С) Сіз маған бола келдіңіз бе? Д) Ол төмен қарады. Е) Сізді кейін ауылға жіберемін.
49. Астанадан келген қыз.
Байланысу тәсілін табыңыз.
А) Жатыс септік В) Шығыс септік С) Шылау Д) Орын тәртібі Е) Айтылу ырғағы
50. Бірыңғай мүшелі анықтауыш пен анықталатын сөз байланысын көрсетіңіз.
Сүйеу қарт ел ішіне сыйымсыз,тікбақай, тентек шал.
А) қиысу В) матасу С) меңгеру Д) қабысу Е) жанасу
51. Зат есім сөйлемнің қандай мүшесі көрсетіңіз.
Осы жұмысыңды тез бітір.
А) Бастауыш В) Баяндауыш С) Анықтауыш Д) Толықтауыш Е) Пысықтауыш
52. Мекен пысықтауыш бола алатын сөз қайсы, табыңыз.
А) Бұл жолы. В) Үндемей отырып. С) Маған бола. Д) Төрге қарай. Е) Әдейі барды.
53. Қабыса байланысқан тіркес қайсы?
Тәңірберген ақ шыт орамалмен аузын таңып алды.
А) Тәңірберген таңып алды. В) Аузын таңып алды. С) Орамалмен таңып алды. Д) Ақ шыт орамалмен. Е) Таңып алды.
54. Сөз тіркесінің сыңары нешеу?
А) біреу В) Екеу С) Үшеу Д) Төртеу Е) Бесеу
55. Бірыңғай мүшені көрсетіңіз.
А) Ол мен айтқан жерге кетті. В) Дәптерді, оқу құралдарын, қосымша оқулықтарды әкеліңдер. С) Тосын келген оқиға аузымды ашқызды. Д) Еріншектің ертеңі бітпес. Е) Емтихан тапсыру - жауапты кезең.
56. Тура толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
А) Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол. В) Орынбордан телеграмма бар. С) Асқар ұзақ уақыт ұйықтамады. Д) Бозбаламын, мен де енді. Е) Мен кітап алғалы келдім.
57. Тура толықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.
А) Қар жауды. В) Өтірікші өзін алдайды. С) Әдеттің жөні - әдет. Д) Тек жүрсең, тоқ жүресің. Е) Оқусыз білім жоқ.
58. Талғаулықты жалғаулық шылау арқылы байланысқан бірыңғай мүшені айқындаңыз.
А) Бірде бар, бірде жоқ. В) Біз ертең-ақ жетеміз. С) Не мен, не сен айт Д) Жүгіріп еді, сонда да кешікті. Е) Оқуға да, жұмысқа да үлгереді.
59. Рас, сұлулықты табиғат екінің біріне бере бермейді.
Қыстырма сөздің мағынасын анықтаңыз.
А) Көзқарас В) Ой реттілігі С) Сендіру Д) Жирақтау Е) Сенбестік
60. Қыстырма сөз мағынасы.
Жалпы, ол өз жұмысын жақсы біледі.
А) Сенбестік В) Күмән С) Ой тәртібі Д) Сендіру Е) Алдыңғы ойды қорытындылау
61. Өзінен бұрын тұрған сөзді дәлеледеп, нақтылап түсіндіретін бір я бірнеше
сөз тобының атауы.
А) Жалпылауыш сөз В) Қосарлы айқындауыш С) Бірыңғай мүшелер
Д) Анықтауыш Е) Оңашаланған айқындауыш
62. Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын табыңыз.
А) Айтқан сайын түсіну В) Әр түрлі С) Астанаға бару Д) Гүлдердің иісі Е) Әтір себу
63. Толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
А) Жарасов шопандарға дем бере сөйледі. В) Мөлдір бұлақ сылдырлайды.
С) Бүгін ай туыпты. Д) Шынын айту керек, өте оңай жеңілдік.
Е) Денем сергіп, тыңайып қалыппын.
64. Сөз тіркесін жасауға тірек болатын сөз атауын белгілеңіз.
А) негізгі В) басыңқы С) туынды Д) дара Е) сөйлем



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет