Қазақ тілі пәнінен тест жинағы. Мазмұны: Фонетика


Сөз тіркесі, сөйлемнің байланысу түрлері, тәсілдері



бет17/22
Дата15.06.2022
өлшемі491,5 Kb.
#36907
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
0000c62d-2cf1f9d6

Сөз тіркесі, сөйлемнің байланысу түрлері, тәсілдері

1. Еркін тіркестің қай түрі, дұрысын белгілеңіз.


Айшаның әжесі.
А) Қабысу В) Меңгеру С) Жанасу Д) Матасу Е) Қиысу
2. Қабысуды табыңыз.
А) Оңтүстікке қарай В) Жұрттың ішінде С) Етікші бала Д) Төмен қарау Е) Жылқыны бағу
3. Есімді сөз тіркесін табыңыз.
А) Бидай өңді, кірпіш үй В) Тез жүру, үздік оқу С) Кілт тоқтау, үш келу Д) Қарқылдап күлу, ағашты өңдеу Е) Жалт қарау, жайлауға бару
4. Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын табыңыз.
А) Жаудың әскері. В) Сендерден алды. С) Ауылға қайту.
Д) Біздің мақсатымыз. Е) Жаңа өмір.
5. Көмекші есімді тіркесті табыңыз.
А) Орман іші В) Ауылдың малы С) Баланың бесігі Д) Сәуленің қуыршағы Е) Зәуренің болашағы
6. Жанасуды көрсетіңіз.
А) Көлік келді. В) Болашақтың жоспары. С) Ол кеше келді. Д) Ертеңгі ас. Е) Ол - бала.
7. Күрделі сөз тіркесін табыңыз.
А) Отын лаулап жанды. В) Нұрлы жаз. С) Құрт. Д) Көз тігеді. Е) Пештегі отын.
8. Еркін тіркес түрі, белгілеңіз.
Ертеңгілікті бастадық.
А) Қиысу В) Матасу С) Меңгеру Д) Қабысу Е) Жанасу
9. Сөйлемдердің байланысу тәсілін көрсетіңіз.
Күн бұлттанып -ақ тұр еді, алайда жауа қоймады.
А) Дауыс ырғағы. В) Іргелес тұру. С) Септеулік шылау. Д) Жалғаулық шылау. Е) Демеулік шылау.
10. Еліктеуіш сөз тіркескен сөзімен қандай байланыста тұрғанын анықтаңыз.
Бие митың аяңнан жаңылар емес.
А) қиысу В) матасу С) меңгеру Д) қабысу Е) жанасу
11. Тіркес түрін анықтаңыз.
Жұқа тақтай.
А) күрделі сөз. В) еркін тіркес. С) мәтел. Д) тұрақты тіркес. Е) мақал.
12. Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын көрсетіңіз.
А) Темір күрек. В) Білімге ұмтылу. С) Сенімді ақта. Д) Біздің таласымыз. Е) Жұмыстың пайдасы.
13. Бағыныңқысы сан есімнен болған тіркес - қандай сөйлем мүшесі, белгілеңіз.
Карточкадан қырық санын қырық.
А) бастауыш В) толықтауыш С) анықтауыш Д) пысықтауыш Е) баяндауыш
14. Жалғау арқылы байланысты табыңыз.
А) Батыр жігіт. В) Қалың орман. С) Үйге кіргізу. Д) Бірте-бірте түсіну. Е) Ұсақ жәндік.
15. Етістікті сөз тіркесін табыңыз.
А) Көкке қарады. В) Ұзын бойлы. С) Жылы сөз. Д) Қаланың іші. Е) Он күн.
16. Интонация арқылы байланысу тәсілін табыңыз.
А) Сыңғырлаған күлкі. В) Арпа-бидай жиналды. С) Алма-кезек дүние. Д) Ахмет - инженер. Е) Ант-су ішу.
17. "Биік қорған" сөзіндегі басыңқыны қай қатарға жатқызамыз.
18. Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын табыңыз.
А) Мақсаттың үйі. В) Арбада отыр. С) Жазғы науқан. Д) Колхозды байыту. Е) Тас диірмен.
19. Астанадан келген қыз.
Байланысу тәсілін табыңыз.
А) Жатыс септік В) Шығыс септік С) Шылау Д) Орын тәртібі Е) Айтылу ырғағы
20. Қабыса байланысқан тіркес қайсы?
Тәңірберген ақ шыт орамалмен аузын таңып алды.
А) Тәңірберген таңып алды. В) Аузын таңып алды. С) Орамалмен таңып алды.
Д) Ақ шыт орамалмен. Е) Таңып алды.
21. Сөз тіркесінің сыңары нешеу?
А) біреу В) Екеу С) Үшеу Д) Төртеу Е) Бесеу
22. Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын табыңыз.
А) Айтқан сайын түсіну В) Әр түрлі С) Астанаға бару Д) Гүлдердің иісі
Е) Әтір себу
23. Сөз тіркесін жасауға тірек болатын сөз атауын белгілеңіз.
А) негізгі В) басыңқы С) туынды Д) дара Е) сөйлем



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет