Қазақ тілі пәнінен тест жинағы. Мазмұны: Фонетика



бет18/22
Дата15.06.2022
өлшемі491,5 Kb.
#36907
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
0000c62d-2cf1f9d6

Оқшау сөздер

1. Сөйлемде оқшау сөздің қай түрі берілген? Ой, тәйірі, шаруа қайда қашатын еді...


А) Қаратпа сөз В) Қыстырма сөз С) Одағай Д) Қосарланған айқындауыш Е) Оңашаланған айқындауыш
2. Амал не, бәсе, өкінішке орай- сөздері қай қатарға тән.
А) Одағай В) қаратпа С) қыстырма Д) шылау Е) жалғаулық шылау
3. Қаратпа сөзді табыңыз.
А) Мырза, шолғыншылар оралды. В) Өй, жайыңа жүр. С) О, жауыздыққа шек бар ма? Д) Кейін анықтасам, айтқаны дұрыс екен. Е) Тәйт, қалжыңды қой.
4. Қаратпа сөзді табыңыз.
А) Зеренің, Құнанбайдың кәрі шешесінің, көк арбасы екен. В) Сөйлейді Жамбыл бәріңе. С) Теріскейден соққан жел әрі суық, әрі күшті. Д) Ей, аққу, сәлем деші жолыққанда. Е) Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да.
5. Қаратпа сөзге тән тыныс белгісін қойыңыз.
Тоғжан япырмай, жақсы айттыңыз-ау.
А) үтір В)нүкте С) көп нүкте Д) леп белгісі Е) сұрақ белгісі
6. Рас, сұлулықты табиғат екінің біріне бере бермейді.
Қыстырма сөздің мағынасын анықтаңыз.
А) Көзқарас В) Ой реттілігі С) Сендіру Д) Жирақтау Е) Сенбестік
7. Қыстырма сөз мағынасы.
Жалпы, ол өз жұмысын жақсы біледі.
А) Сенбестік В) Күмән С) Ой тәртібі Д) Сендіру Е) Алдыңғы ойды қорытындылау

Төл сөз бен автор сөзі

1. Төл сөзді сөйлемді табыңыз.


А) Сабыр түбі - сары алтын. В) "Жасу, жабырқау - халық мінезі емес,-деп ойлады Ыбырай,-ерлік, ізгілік қана халық мінезі" С) Бурабай - қазақ даласының ең әдемі де қасиетті жерінің бірі. Д) "Қозы Көрпеш" жыры қай заманда шықса да, Жетісу топырағында туған сияқты. Е) Біраздан соң, Базаралы өзі де шешіле түсіп, Абайдың саушылығын сұрастырды.
2. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзі бар сөйлемді табыңыз.
А) -Үйлеріңде басқа ересек адам бар ма?-деп сұрады ол.
В) -Үйлеріңде басқа ересек адам бар ма? деп- сұрады ол.
С) -Үйлеріңде басқа ересек адам бар ма?деп, сұрады ол.
Д) -Үйлеріңде басқа ересек адам бар ма?деп сұрады ол.
Е) -Үйлеріңде басқа ересек адам бар ма?,деп сұрады ол.
3. Мақалдар тырнақшаға алынғанда, төл сөзге қатысты тыныс белгілерінің қойылу, қойылмауын анықтаңыз.
А) Мақал тырнақшаға алынады. В) Мақал тырнақшаға алынбайды. С) Тырнақшаға алынады, соңынан үтір қойылады. Д) Тырнақшаға алынады, төл сөзге тиісті басқа тыныс белгілері қойылмайды. Е) Тырнақша да, басқа тыныс белгілер де қойылмайды.
4. Төл сөзге тән анықтаманы табыңыз.
А) Біреудің өзгертілмей айтылған сөзі. В) Екі адамның сөйлескен сөзі. С) Біреудің сөзінің мазмұны. Д) Біреудің сөзін жеткізушінің сөзі. Е) Біреудің өзгертіліп айтылған сөзі.5. Диалогты төл сөз, төл сөзден соң келген автор сөзінің алдынан төл сөз ішінде келген автор сөзінің екі жағынан қойылатын белгі.
А) Сызықша В) Дефис С) Үтір Д) Нүктелі үтір Е) Қос нүкте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет