Жай сөйлем синтаксисі
1. Жай сөйлем түрінің ең дұрысын белгілеңіз. Ақылды бастық болса, адаспассың.
А) Жақсыз В) Жақты С) Жалпылама жақты Д) Атаулы Е) Құрмалас
2.Жақсыз сөйлем дегеніміз не?
А)Бір ғана сөзден жасалса В)Іс, оқиғаны баяндамай, атап қана тұратын сөйлем... С)Сөйлемнің оқшау келетін түрі. Д)Бастауышы жоқ сөйлем. Е)Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің қатысуы.
3. Жай сөйлемді табыңыз.
А)Қазір Еркебұлан сол ақ отаудың төрінде жалғыз отыр. В)Самолет төмен түскен сайын,бұлт қоюлана берді. С)Мен келіп едім, ол жоқ. Д)Қолың қатты дейді, қорқып тұрмын. Е)Қоңырау соғылып, сабақ басталды.
4. Жайылма сөйлемді табыңыз.
А)Асқар - инженер. В)Зор денелі адам үйге алдымен кірді. С)Алматы - астана. Д)Мал өрістеді. Е)Бала - болашақ.
5. Атаулы сөйлемді табыңыз.
А)Ағасы бардың – жағасы бар. В)Таң мезгілі. С)Інісі бардың - тынысы бар. Д)Ел іші - өнер кеніші. Е)Киімін жинастырды.6. Жалаң сөйлемді табыңыз.
А)Күн шықты. В)Сендер де оқуды бітірдіңдер. С)Талдықорған. Д)Сары жапырақ. Е)Ит өлген жер.
7.Жақты сөйлемді табыңыз.
А)Сауын биені онда апарып байлауға болмайды. В)Әрнені білмек керек. С)Енді қорықпаймын. Д)Сондай бекер мінездің керегі не? Е)Япыр- ай, Абайжан -ай!
8.Жалаң сөйлемнің түрін белгілеңіз. Орындатқым келеді.
А)Атаулы В)Жақты С)Жайылма Д)Толымды Е)жақсыз
9.Атаулы сөйлемді көрсетіңіз.
А)Түн. Ышқынған долы дауыл. В)Боран түні бойы ұлыды. С)Ауыл адамдары бір -бірімен қатыса алмады. Д)Мал тегіс қорада тұр. Е)Аяз қатайып кетті.
10.Жақсыз сөйлемді табыңыз.
А)Оның жақсы оқығысы келеді. В)Не ексең, соны орасың. С)Ата, ауылмен сөйлесіп түрсың ба? Д)Өнер алды - қызыл тіл. Е)Қызарып атқан таң.
11.Жай сөйлемді ажыратыңыз.
А)Ауыл іші. В)Дала тастай қараңғы. С)Абайдың шәеірті. Д)Ұрыншақ жігіт. Е)Төбе шашы тік тұру.
12.Жай сөйлемдер ішіндегі жайылма сөйлемді табыңыз.
А)Қоңырау соғылды. В)Қар еріді. С)Жаңбыр көп жауды. Д)Сағат жүріп тұр. Е)Күз түсті.
13.Атаулы сөйлемді табыңыз.
А)Су жылы екен. В)Сізге сәлем деді. С)Түн. Д)Мәдени - демалыс паркі. Е)Сәлем жолдады.
14.Атаулы сөйлемді көрсетіңіз
А)Сені сынағым келіп тұр. В)Дәл осы арада он минут ішінде он жылға қартайған болуым керек. С)Айсыз, бұлтсыз қараңғы түн. Д)Сайлаудағы қаралған істі тез қолға алу керек. Е)Тағы бір пьеса жайында да айта кетуге болу керек шығар.
15.Сөйлемдер ішінен жақты сөйлемді табыңыз.
А)Ұлық болсаң, кішік бол. В)Билетті екі - екіден екі вагонға алуға тура келді. С)Сауын биені онда апарып байлауға болмайды. Д)Өңіңнен ештеңені болжап болмайды. Е)Ойланбай, өзіңе -өзің есеп бермей сөйлеуге болмайды.
16.Атауы сөйлем қандай сөз табынан, көрсетіңіз. Түн. Аспан бұлт.
А)Есімдік В)Етістік С)Есім Д)Зат есім Е)Есімше
17.Сөйлем түрін анықтаңыз. Атаңның баласы болма, адамның баласы бол.
А)Атаулы В)Толымсыз С)Жақты Д)Жалпылама жақты Е)Жақсыз
18.Сұрау есімдігі арқылы келген сөйлем көбіне қай қатарға тән, көрсетіңіз.
А)Толымды сөйлем В)Жақсыз сөйлем С)Сұраулы сөйлем Д)Бұйрықты сөйлем
Е)Құрмалас сөйлем
19.Толымды сөйлемді табыңыз.
А)Әлемде талай қызық бар. В)Айнала жым - жырт.
С)Кейін қалған ақ бұлттар тұлпардың тұяғынан ұшқан шаңға ұқсайды.
Д)Ашық аспанда шөкімдей бұлт жоқ. Е)Ит өлген жер.
20.Жақсыз сөйлемді табыңыз.
А)Жер жыртқан тракторлар гүрілі алыстан құлаққа шалынады.
В)Мың тоғыз жүз тоқсан бес. С)Күз келді. Д)Бізге көбірек оқу керек.
Е)Құлаққа ұрған танадай.
21. Рахия жымиды. Сөйлем түрі.
А)Жайылма В)Жақсыз С)Жалаң Д)Толымды Е)Атаулы
22.Жақсыз сөйлемді табыңыз.
А)Күз. В)Алманың қайталап айтқысы келмеді. С)Бүгін ауа желсіз.
Д) - Кімсің? Е)Ұстазымен кеңесті.
23.Жалаң сөйлемнің түрі, дұрысын белгілеңіз. Әлін білмеген әлек.
А)Атаулы В)Жақсыз С)Толымсыз Д)Жақты Е)Жалпылама жақты
24. Қуанышты жасыруға болмайды. Сөйлем түрі.
А)Жақты В)Жақсыз С)Атаулы Д)Толымды Е)Құрмалас
25.Атаулы сөйлемді табыңыз.
А)Сарыөзектен едім. В)Ышқынған долы дауыл. С)Жалықпай іздену.
Д)Ойбай. Е)Үйге кірді.
26.Жалаң сөйлемге жетпей тұрған сөзді көп нүктенің орнына (лайықтысын) қойыңыз.
... жала жабылды.
А)Мен В)Менде С)Оған Д)Сенімен Е)Қайратпен
27.Жақсыз сөйлемді табыңыз.
А)Түс ауа жайлауға келдік. В)Жандос қалада тұрады.
С)Балаларға сыныпта секіруге болмайды. Д)Тәтем көршімен әңгімелесті.
Е)Екі қолынжылы суға салу.
28.Жай сөйлемнің түрін анықтаңыз. Таңертеңгі асты тастама.
А)Жақсыз В)Жақты С)Жалпылама жақты Д)Атаулы Е)Толымды
29. Жайылма сөйлемді көрсетіңіз.
А)Қызық оқиға. В)Бес жүз елу. С)Ол ертең келеді. Д)Түн іші.
Е)Күліп жібере жаздады.
30.Атаулы сөйлемді табыңыз.
А)Бұрқыраған ақ қар. В)Беті албыраған ақ қыз. С)Сулы жерде шөп өседі.
Д)Көрмегеніңді көрдің. Е)Өркенің өссін.
31.Қандай сөйлем түрі, табыңыз. Мен бала емеспін
А)Атаулы сөйлем В)Жақсыз сөйлем С)Жайылма сөйлем Д)Жақты сөйлем
Е)Құрмалас сөйлем
32. Атаулы сөйлемнің жасалу жолын көрсетіңіз. Шаңқай түс. Жайлаудағы ауыл.
А)Біріккен сөз В)Сөз С)Туынды сөз Д) Күрделі сөз Е)Сөз тіркесі
33.Жайылма сөйлемді табыңыз.
А)Күн де батты В)Жолаушылар аттанды С)Қашан?
Д)Қаптаған аттыларғамаған алыстан қарауға тура келді Е)Жаз
34.Жай сөйлем түрінің ең дұрысын белгілеңіз. Ақылды бастық болса, адаспассың
А)Жалпылама жақты В)Атаулы С)Құрмалас Д)Жақсыз Е)Толымсыз
35.Одағайға байланысты тыныс белгісінің тиістісін көрсетіңіз. Қап мынаның баласы қатырды-ау!
А)Нүктелі ұтір В)үтір С)дефис Д)сызықша Е)Нүкте
36.Жалаң сөйлемді табыңыз.
А)Бұдан еш нәрсе түсініп болмайсың В)Таң сарғая қорғанның артына керуендер жиналды С)Бұлар жүріп кетті Д)Біркелкі, жақсы өсіпті Е)Жайлауға шықты
37.Сөйлім түрін анықтаңыз. Рахия жымида
А)Жайылма В)Жақсыз С)Атаулы Д)Құрмалас Е)Жалаң
38.Жалаң сөйлемді табыңыз
А)Шалқардың даішек-сілесі қатып еді В)Азамат кете барды С)Арман комбайнжөндеп жатқан ауылға кетті Д)Цехтар да дұрыс жабдықталған Е)Сен өте жақсы доссың
39.Бізге өнер-білімді үйрену керек. Сөйлем түрін анықтаңыз
А)Атаулы В)Жалаң С)Құрмалас Д)Жақты Е)Жақсыз
40.Жалаң сөйлемді табыңыз.
А)Біркелкі, жақсы өсіпті В)Бұлар жүріп кетті С)Бұдан еш нәрсе түсініп болмайсың Д)Жайлауға шықты Е)Таң сарғая қорғанның артына керуендер жиналды
41.Жалаң сөйлемді табыңыз
А)Дивизияда көп ұлттың адамдары болды В)Олар басқа дивизияға қосылды С)Рамазан Елбеков елге әйгілі адам ғой Д)Менің өз қатарымнан қалғым келмеді Е)Партизандар ұйықтап кетті
42.Жақты сөйлемді табыңыз
А)Будақтаған түтін В)Оның ойнағысы келмейді С)Салқын ауа Д)Мен ешкімге жағымпаздана алмамын Е)Аспасына көмектесуге тура келді
43.Жалаң сөйлемді табыңыз
А)Талдықорған В)Сары жапырақ С)Күн шықты Д)Ит өлген жер Е)Сендер де оқуды бітіріңдер
44.Орал қаласы. Сөйлем түрін анықтаңыз
А)Толымды В)Жақты С)Атаулы Д)Жақсыз Е)Толымсыз.
45.Жақты сөйлемді табыңыз
А)Әрнені білмек керек В)Енді қорықпаймын С)Сауын биені онда апарып байлауға болмайды Д)Япыр-ай, Абайжан-ай! Е)Сондайдөрекі мінездің керегі не?
46.Атаулы сөйлемді табыңыз
А)Алмасы Алатаудың көпке мәлім В)Көлдің биік қабағы С)Әркімге де тезірек өту керек Д)Маған сабақтан қалуға болмайды Е)Мына атқа мінер ме еді?
47.Жай сөйлемді ажыратыңыз
А)Төбе шашы тік тұру В)Абайдың шәкірті С)Ұрыншақ жігіт Д)Дала тастай қараңғы Е)Ауыл іші
48.Жақты сөйлемді табыңыз
А)Біздің ашық сөйлесуіміз керек В)Ашық қабақ С)Менің бұл сөзге қосылғым келмеді Д)Ауа райы салқындай бастады Е)Оның бүгін келуі мүмкін
49.Жалаң сөйлемді табыңыз
А)Көзді ашып-жұмғанша В)Бұлар жүріп кетті С)Я қырғыз, я қазақ-екеуінің біреуі, аса тани қоймадым Д)Жамандық-жақсылықтың қарымы бола алмайды Е)Қыс
50.Оның мұртын балта кеспейді. Қай қатарға тән, белгілеңіз
А)Атаулы В)Жақты С)Еркін сөз тіркесі Д)Жайылма Е)Тұрақты сөз тіркесі
51.Жай сөйлемді табыңыз
А)Жерге шығысымен, төлдерді жайылымға жіберді В)Ауыл қыстауға көшкенде, ол қалаға кетіп еді С)Үйге үлкендер де, кішілілер де көңілді кірді Д)Оны танығанмен, Сәле сыр бермеді Е)Жаз шыққанда демалысқа шығайын деп едім, бірақ болмады
52.Жақсыз сөйлемді табыңыз
А)Өнер алды – қызыл тіл В)Оның жақсы оқығысы келеді С)Қызарып атқан таң Д)Не ексең, соны орасыңЕ)Ата, ауылмен сөйлесіп тұрсың ба?
53.Жалпылауыш сөзді табыңыз
А)Күші жағынан арыстандай кісі В)Жаңа жеккен ат басымен алысады
С)Біз бастаңғы жасап жатырмыз Д)Тіл-адам баласын қазіргі өркениетке жеткізген
ұлы күш Е)Ұлттық ойындар мыналар: “Алтыбақан”, “тоғызқұмалақ”, “Ақсүйек”.
Достарыңызбен бөлісу: |