Қазақ тілі пәнінен



бет13/39
Дата05.05.2023
өлшемі0,83 Mb.
#90237
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39
Орындау уақыты 20 минут
І нұсқа

1-тапсырма


Мәтінді оқыңыз. Тапсырмаларды орындаңыз
Мен — дәрігермін. Осы мамандықты жас кезімнен жақсы көремін. Өсіп, дәрігер болсам, жиі ауыратын шешемді емдесем деп армандадым. Алты жыл оқып, дәрігер болдым.
Дәрігер болу, адамды емдеу өте қиын екен. Себебі сенің қателесуге құқың жоқ. Сенің қатеңді түзетуге болмайды. Өйткені ол адам өміріне байланысты. Дәрігер қарапайым, кішіпейіл, мейірімді болуға міндетті. Кішіпейіл дәрігерге науқас адам өз ауруы туралы ашып айтады. Науқас адамға дәрі жазып беру, оны қалай пайдалану керектігін айту сенің міндетің.
1) Мәтін бойынша сөйлемдерді ретімен белгілеп көрсетіңіз (1,2,3,...)
Сөйлемдер Реті
Дәрігер болу, адамды емдеу өте қиын екен.
Мен — дәрігермін.
Дәрігер қарапайым, кішіпейіл, мейірімді болуға міндетті.
Алты жыл оқып, дәрігер болдым.
2) Мәтін бойынша неліктен?не үшін? сұрақтарын пайдаланып, 1сұрақ құрастыр және жауап беріңіз.
Сұрақ: ______________________________________________________________
Жауап:______________________________________________________________
2-тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, көшіріп жазыңыз

Мен құрылысшы болғым келеді. Құрылысшы – бірнеше мамандық.... иесі. Сәулетшілер жаңа ғимарат.... сызбасын жасайды. Содан соң бұл сызба бойынша тас қалаушылар ғимараттың қабырға..... тұрғызады, шатырын жабады. Бұдан кейін ағаш шеберлері терезе...... орнатады. Сылақшылар қабырға.... мен еденді бояйды.

ІІ нұсқа
1-тапсырма
Мәтінді оқыңыз. Тапсырмаларды орындаңыз.

Мамандық таңдау - әр адамның мақсаты. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең»,- дейді халық. Барлық адамның арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді ол өз қалауымен таңдап алады.
Мамандықтың түрі көп. Әнші халық алдына шығып ән салады. Дәрігер – адам өмірінің арашасы. Ұстаз шәкірттерді білімге жетелейді. Жазушы сөзбен өрнек салады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет