Қазақ тілі сабағында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер
Орындаған: Рустембекова Д.Р
Тобы:ПМНО-19К
Қабылдаған: Мухаметжанова И.А
Мақсаты: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын ояту,қазақ тілін уйренуге деген белсенділіктерін арттыру,шығармашылық қабілетін арттыру.
«Гүлмен тілек»(сергіту және топқа біріктіру)
Мақсаты: Тыңдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, жағымды ахуал қалыптастыру.
Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
Қолданылуы: Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі.
«Ой қозғау» әдісі
Мақсаты:Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша ой салу.
Тиімділігі: Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамау керек, қағазға түсіріліп, талқылау жұмысы болады.
Қолданылуы: Жаңа білімді меңгерту алдында осы әдіс бойынша сұрақ қоя отырып жаңа сабақтың тақырыбын ашуға болады
Тиімділігі: Өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады. Ақпаратпен ықыласпен жұмыс жасайды. Мәтінге, әңгімеге сұрақ қояды, тұжырымдайды. Сыныптастарының жауаптарын зейін қойып тыңдайды және сұрақтар дайындайды, талқылайды. Таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі дамиды.
Қолданылуы:Мәтінді толық немесе бір бөлігін оқыту (мәтіннің күрделілігіне, оқушылардың даму ерекшелігіне қарай) оқылған мәтіннің мазмұнына әр деңгейлі сұрақтар қою.1-ші топ – сұрақ қояды, 2-ші топ сол сұраққа жауап береді
Қолданылуы:Әр топтан бір оқушы таңдалады. Алдын –ала сабаққа қатысты жазылған бір сөзді конверттен таңдайды да, сөздің өзін атамай түсіндіреді. Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді. Тиімділігі: Өткен сабақ бойынша берілген ақпаратты еске түсіреді, жауапкершілік артады.
«Жарнама!» әдісі
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз. Мысалы, “Егер автордың орнында болсаң оқиғаны қалай аяқтар едің?”,“Сен бұл пікірге қосыласың ба? Неліктен? Дәлелде!», “Кейіпкердің бұл әрекетін қазіргі өмірмен қалай байланыстыруға болады?”
«Серпілген сауал» әдісі
«Шеңбердегі әңгіме» әдісі
Орындалу барысы:
Орындықтарды оқушылар бір- біріне қарап отыратындай қылып ортаға (ішкі және сыртқы) шеңберге отырады. Бір-біріне қарап отырған жұптар өтілген тақырып бойынша 3 минут пікірталасқа түседі. Әрбір оқушы 90 секунд сөйлейді. Уақыттың біткенін мұғалім қызыл карточка көрсету арқылы белгі беріп отырады. Үш минут біткеннен кейін сыртқы топ орнынан тұрып жылжиды. Мұғалім қызыл 15 карточканы көрсеткеннен кейін тоқтайды, басқа оқушыға қарсы отырады. Өз ойын айтпас бұрын, өзінен бұрынғы оқушының ойын қорытындылайды. Біткеннен кейін, сыртқы топ тағы да орнынан жылжиды. Жаңа сұхбат басталғаннан кейін алдындағы екі кісінің ойын қорытып айтады.
«Комплимент» әдісі
Мақсаты:қатысушылардың тіл табыса алуын, бір - бірін толық тануын дамыту. Қатысушылар шеңбер бойымен тұрып кезекпен кез- келген жағымды комплимент айтады (Біздің тақырыпта мыс. «өте жаңашыл», «нағыз кәсіби педагог»т. б.), ал қалғандары ол комплименттің кімге арналғанын табады. Комплимент иесі ойынды ары қарай жалғастырады. Барлығы жағымды комплимент алмайынша ойын жалғаса береді.