Қазақ тілі в1 деңгей пәні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған



бет49/67
Дата03.10.2022
өлшемі1,54 Mb.
#41140
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67
Жазылым.
1-тапсырма. Сөздік қорды аударып, сөздердің мағынасын ажыратыңыздар.


Тыңдалым:
2-тапсырма. https://www.youtube.com/watch?v=vcPZTAICkeU
Төмендегі ақпаратты тыңдап, мәтіннің мазмұнын ашатын сөздерді табыңыз
3-тапсырма.Мәтіндегі негізгі мәліметтерді пайдалана отырып, өз сөзіңізбен қорытындылаңыз


«Хабар 24: Карантиннің ұзарғаны туралы
ақпарат Қазақстанға қатысты емес»
Біздің арнаның жаңалығынан алынған қысқа фрагмент жалған ақпарат ретінде әлеуметтік желіге тараған. Онда Францияда коронивирустың таралуы мен карантинді ұзарту жайы айтылған болатын. Алайда сөйлем ортасынан кесіліп, желіге таралған видео Қазақстанға қатысы бар делінген. Ресми түрде біз бұл жалған ақпарат екенін мәлімдейміз. Аталған материал Франциядағы жағдай туралы болған. Онда үкімет төтеншежағдай режимін 24 шілдеге дейін ұзартуды ұсынды. Келесі аптада Франция Парламенті бастаманы қарайды. Бұл елде короновирус 25 мың адамның өмірін қиды. Төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратқан видео авторы қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін.
Айтылым:
4-тапсырма.Тыңдалым ақпаратына пікір айтыңыз
П – Менің ойымша, ........
О – Себебі .......
П – Мысалы, ........
С – Қорыта айтқанда ............


Оқылым.
5-тапсырма



Дезинформация дегеніміз – қоғамдық сананы жаңылыстырып, қандай да бір реакция тудыру мақсатында таратылатын жалған ақпарат. Француз тілінен аударғанда des – теріс, information – ақпарат деген мағына береді. Дезинформация алғаш рет бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қарсыластарды адастыру, шатастыру мақсатында қолданылған. Қазіргі саяси ғылымда жалған хабар тарату, арбау технологияларының бір бөлігі саналады.


Дезинформацияны тек саясатта, бизнесте, ғылымда ғана емес, күнделікті тұрмыста да жиі кездестіруге болады. Кездестіріп те жүрміз. Әсіресе, WhatsApp, Instagram, Facebook сияқты әлеуметтік желілерде өзіміз «сенімдің ақпарат көзі» деп есептейтін тұлғалар түрлі жаңалық таратады. Жақында ғана «Теңге жойылады екен, оның орнына «алтын» атты валюта пайда болады», «Банкрот болған банк қалған қаражатты таратып жатыр екен» деген мазмұндағы ақпарат тарағанын білетін шығарсыздар?
Мүмкін, алақайлап немесе шошып басқа қолданушыларға жіберген де боларсыз? Мұндай жаңалықтардың ақ-қарасын қалай ажыратуға болады? Кімдерден кеңес немесе нақты жауап алу керек?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет