Қазақ тілі в1 деңгей пәні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған


Әдебиеттер: [7.1.2]; [7.1.3]; [7.2.4.]; [7.2.3.9] 52-сабақ



бет51/67
Дата03.10.2022
өлшемі1,54 Mb.
#41140
түріБағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   67
Байланысты:
Силлабус Казахский яз (В1 денгей) 2020-2021 дурысы наурыз 2021 (1)

Әдебиеттер: [7.1.2]; [7.1.3]; [7.2.4.]; [7.2.3.9]


52-сабақ
Сөздік қор:
ауа райын күн сайын ғана емес
сағат сайын қадағалап отыру
жыл құстары топтасып ұшса
жылымық күз созыла түсу
қоянның бүйрегі майлы болса
сарымсақ қабығы қалың бітсе
қатты қыс келе жатыр
аю апанын биікке салады
Көктем ерте түсу
тасқын келе жатыр деу
қам жасайтын болған
көктемнің алғашқы жауған жаңбырында
күн күркіресе
жазда шөп шүйгін шығады
жорамалдау.
Жайдары жаз кезінде
күн қызыл шапаққа оранып батса
ыстық болады деген болжам
Көлбақа көп құрылдаса
күннің ыстығы көтеріледі
шегіртке қаптаса
жаз қуаң болады деп қам жеген
ата-бабаларымыз жылан жиі-жиі бас көрсетсе
жауын-шашынды күз келе жатыр
сарыбас жыландар ұйықтамаса
күз ұзақ әрі жылы болады деп қуанған.
Ел аузынан алып егде жастағылар
естен шығармаған тәсілдер
Оқылым. Миға шабуыл.
1-тапсырма. Жұмбақ шешіңіздер

  • Көзге ілінбейді,
    Жұтсаң білінбейді (Ауа).

  • Қолы жоқ, сурет салады

Тісі жоқ, тістеп алады (Аяз).

  • Көктен түседі,
    Жер ішеді (Жаңбыр).

  • Қанаты жоқ – ұшады,
    Аяғы жоқ – қашады (Жел).

  • Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады (Қар).
2-тапсырма. Халықтың ауа-райына байланысты қандай наным-сенімдерін білесіз?


Жазылым:
3-тапсырма. Берілген синтаксистік құрылымдарды орыс тіліне аударып, үлгі бойынша болжам мәнді сөйлемге айналдырыңыздар.
Үлгі: Жаз мезгілінде сарыбас жыландар ұйықтамаса, күз ұзақ әрі жылы болады – Жаз мезгілінде сарыбас жыландар ұйықтамаса, күз ұзақ әрі жылы болуы ықтимал

  • көлбақа көп құрылдаса, күннің ыстығы көтеріледі, ал шегіртке қаптаса, жаз қуаң болады;

  • көктемнің алғашқы жауған жаңбырында күн күркіресе, жазда шөп шүйгін шығады;

  • күз мезгілінде жыл құстары топтасып ұшса, жылымық күз созыла түседі;

  • ал қайтқан құстар төмен ұшса, қоянның бүйрегі майлы болса, сарымсақ қабығы қалың бітсе, қатты қыс келе жатыр дегенді білдіреді.

  • Көктемде аю апанын биікке салса, көктем ерте түскенімен тасқын болады



Тыңдалым:
4-тапсырма. https://www.youtube.com/watch?v=vzmYyjRCNI0
Ауа райын қалай болжауға болады?
Қолымыздағы телефон ауа райын күн сайын ғана емес, сағат сайын қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Бұл – қазіргі қоғамның жетістігі. Ал наухау жоқ кезде ата-баларымыз қалай қам жасаған еді?
Дәл қазіргі күз мезгілінде жыл құстары топтасып ұшса, жылымық күз созыла түседі, ал қайтқан құстар төмен ұшса, қоянның бүйрегі майлы болса, сарымсақ қабығы қалың бітсе қатты қыс келе жатыр деп білген.
Келесі жыл мезгілі – көктем. Бірінші белгі аю апанын биікке салады. Көктем ерте түскенімен тасқын келе жатыр деп қам жасайтын болған. Ал, көктемнің алғашқы жауған жаңбырында күн күркіресе, жазда шөп шүйгін шығады деп жорамалдаған.
Жайдары жаз кезінде күн қызыл шапаққа оранып батса, ыстық болады деген болжам әлі де бар. Көлбақа көп құрылдаса, күннің ыстығы көтеріледі, ал шегіртке қаптаса, жаз қуаң болады деп қам жеген. Сондай-ақ ата-бабаларымыз жылан жиі-жиі бас көрсетсе, жауын-шашынды күз келе жатыр деп білген. Жаз мезгілінде сарыбас жыландар ұйықтамаса, күз ұзақ әрі жылы болады деп қуанған.
Ел аузынан алып егде жастағылар естен шығармаған тәсілдерді еске ала жүріңіздер. Әлі де маңызы жоймаған тәсілдердің пайдаға асатын күн тумасына кім кепіл?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет