Қазақ тілі в1 деңгей пәні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған



бет54/67
Дата03.10.2022
өлшемі1,54 Mb.
#41140
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   67
54-сабақ Мәдени жаңалықтар
Сөздік қор:
ерекше концерттік бағдарлама
биылғы жаңалық байқауда
қатысушылар бір-бірімен бәсекеге түспейді
конкурстық жарыс қағидасы
жүлдегерлер
ниет білдірген
байқаудың әр жылдардағы жеңімпаздары
биылғы өтпей қалған конкурс
Еуропалық хабар тарату одағы
байқауды өткізбеу туралы шешім
осы одақтың қауымдастырылған мүшесі
сараптай келе
неше түрлі дауыс қабілеті ерекше жандар


Тыңдалым: https://www.youtube.com/watch?v=xASvx32o1pU

1-тапсырма. Фильммен жұмыс:




«Хабар» телеарнасынан Еurovision-2020
ән байқауы көрсетіледі
«Хабар» арнасы «Евровижн: Europe Shine a Light» музыкалық шоуын мамырдың 16-сынан 17-сіне қараған түні сағат 01:00 тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды «Хабар 24». Көрермендерді онлайн форматта өтетін ерекше концерттік бағдарлама күтеді. Биылғы жаңалық байқауда қатысушылар бір-бірімен бәсекеге түспейді. Яғни, конкурстық жарыс қағидасы қолданылмайды. Жүлдегерлер анықталмайды. Шоуда өз өнерін көрсетуге 40-тан астам әнші ниет білдірген. Олар байқаудың әр жылдардағы жеңімпаздары мен биылғы өтпей қалған конкурстың қатысушылары. Еске салайық, биыл Eurovision-2020 мамыр айында Роттердам қаласында өтуі тиіс еді. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты Еуропалық хабар тарату одағы байқауды өткізбеу туралы шешім қабылдады.
Еске салайық, «Хабар» Агенттігі осы одақтың қауымдастырылған мүшесі. Еліміздің басты арнасында көрсетілетін музыкалық шараға Махаббат Есен мен Нұрсұлтан Құрман комментатор болады.
Нұрсұлтан Құрман, комментатор: – Қызыққа толы онлайн фестиваль концертті көруге болады. Биылғы қатысушылар ерекше. Барлығын зерделеп қарап шықтық.
Сараптай келе бірінен асқан бірі қатысушылар бар. Неше түрлі фридтер бар. Неше түрлі дауыс қабілеті ерекше жандар бар. Неше түрлі топтар бар. Неше түрлі сахналанған қойылымдар бар. Барлығын қарап шықтық.
Соның барлығы онлайн сахнада болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет