Қазақ тілі в1 деңгей пәні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған



бет53/67
Дата03.10.2022
өлшемі1,54 Mb.
#41140
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   67
Айтылым. Миға шабуыл әдісі.
3-тапсырма. Сұрақнама

  1. Мәдени жаңалық не туралы?

  2. Қазақ киносы қорына қосар үлесі қандай?

  3. Фильмге арқау болған тақырыптың өзектілігі неде?



Жазылым.
4-тапсырма. Тақырып бойынша қимыл-сын пысықтауыш қызметіндегі көсемшелі сөйлем (табыңыздар) құрыңыздар.


Оқылым:
5-тапсырма. «Синквейн» әдісі.
1 жол – тақырыпты сипаттайтын зат есім;
2 жол – мәтіннің мағынасын ашатын, негізгі мәселені сипаттайтын екі сын есім;
3 жол – мәтіндегі тақырып бойынша іс-әрекетті көрсететін үш етістік;
4 жол – тақырыпқа қатысты төрт сөзден құралған сөйлем;
5 жол – тақырыпты айқындайтын бірінші сөзге синоним.
6-тапсырма. Тақырып қойып, мәтінді қысқартыңыз


«Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында «Қазақфильм» киностудиясы өзінің youtube-арнасына әр жылдары түсірілген Ұлы Отан соғысы туралы фильмдер топтамасын ашық көрсетілімге шығарды.
Бүгіннен бастап youtube-тағы «Қазақфильмнің» ресми арнасынан мына фильмдерді көруге болады: «Ана туралы аңыз» көркем фильмі (реж: Александр Карпов, 1963 ж.); «Ел басына күн туса» көркем фильмі (реж: Мәжит Бегалин, 1967 ж.); «Мәншүк» көркем фильмі (реж: Мажит Бегалин, 1969 ж.); «Орман балладасы» (реж: Нұрмұхан Жантөрин, Цой Гук Ин, 1972 ж.); «Тел өскен ұл» (реж: Шәріп Бейсембаев, 1977 ж.); «Соғыстың соңғы жылы еді» көркем фильмі (реж: Амангелді Тәжібаев, 1983 ж.); «Балалықтың кермек дәмі» көркем фильмі (реж: Абдолла Қарсақбаев, 1983 ж.); «Әлия» көркем фильмі (реж: Болот Шамшиев, 1985 ж.); «Менің әпкем Люся» көркем фильмі (реж: Ермек Шынарбаев, 1985 ж.); «Пантераның секірісі» көркем фильмі (реж: Лейла Аранышева, 1986 ж.); «Тұздыкөл жағасындағы үй» көркем фильмі (реж: Асанәлі Әшімов, Игорь Вовнянко, 2004 ж.); «Әлия» деректі фильмі (реж: Ю.Пискунов, 1970 ж.); «Талғат Бигелдинов» деректі фильмі (реж: Ораз Әбішев, 1979 ж.); «Жеңіс солдаты» деректі фильмі (реж: А.Әлпиев, 1980 ж.); «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» деректі фильмі (реж: А.Нұғыманов, 1985 ж.); «Асыға күткен Жеңіс» деректі фильмі (реж: А.Нұғыманов, 1985 ж.); «Қазақтың Бауыржаны» деректі фильмі (реж: Қ.Омаров, 2010 ж.); «Батыр Бигелдинов» деректі фильмі (реж: Алмас Әбдіков, 2011 ж.).
Топтама «Ұлы Жеңістің 75 жылдығы» плейлистіне ресімделген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет