Қазақ тілім өз тілім,ана тілім Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім


ІІ-айналым. Қалған екі жұмбақшыға жұмбақ жасырылады. 1.Ти десем тимейді, Тиме десем тиеді.(ерін)



бет3/3
Дата16.05.2023
өлшемі384,55 Kb.
#93286
1   2   3
Байланысты:
1001 мақал-101 жұмбақ

ІІ-айналым.
Қалған екі жұмбақшыға жұмбақ жасырылады.
1.Ти десем тимейді,
Тиме десем тиеді.(ерін)
2.Қорыққанда жем аяқ,
Отырғанда темірдей-ақ.(қоян)
3.Бақшадан жер қазып,
Жиып алдым жез қазық.(сәбіз)
4.Күмбез сынды кең сарай,
Еш жерде жоқ тең сарай.(аспан)
5.Өзі ащы,дәмді етер асты.(тұз)
Ойыннан шығушы сайыскерімізге шағын сыйлық ұсынылады.
-Кезек «көрермендер көрімдігі»айдарына да келіп жетті.
1.Қимылдаса қос шебер,қыруар-қыруар іс өнер(қол)
2.Жүрсе ізі жоқ,сойса қаны жоқ(қайық)
3.Белі бүкір,алысқа түкір(мылтық)
4.Үй үстінде ұсақ тас(жұлдыз)
5.Жазда қыдырады,қыста тығылады(аю)
6.Оқушыға күнде еріп,жүретін не?(күнделік)
7.Аспан түстес сұйық,әркім ішер құйып(су)

ІІІ кезең. «Алғыр болсаң шешіп көр»
-Ортаға жұмбақшы мен мақалшы шығады.Жасырылған жұмбақты жұмбақшы шешеді,ал мақалшы соның жауабына мақал құрайды.
1.Аспаннан домалап көп моншақ төгілді,
Бусанып жөн алып,терілді,керілді(жаңбыр)
Батыр туса ел ырысы,
Жаңбыр жауса жер ырысы.
2.Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстайды(балық)
Балық басынан шірейді.
3.Қатар-қатар тас қойдым,
Жирен атты бас қойдым(тіл мен тіс)
Өнер алды-қызыл тіл.
Отыз тістен шыққан сөз,отыз рулы елге тарайды.
4.Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама(кітап)
Кітап-білім бұлағы,
Білім-өмір шырағы...
-Ендеше,барлығымыз жеңімпазымызды қошеметпен ортаға шақырып марапаттайық.
Жеңімпаз арнайы дайындалған дипломмен марапатталады.
Қорытынды.
Біздің тіліміз - ең қымбат мүлкіміз, оқушылар. «Қазақ тілі – бай, оралымды тіл» деп Ғ. Мүсірепов атамыз айтпақшы, өз ана тілімізді шұбарламай, ең бірінші өз тілімізде өзіміз еркін де сауатты сөйлейік. Сонда ғана біздің, жастардың тілімізді сақтап қалуға, дамытуға қосқан үлесіміз болмақ.

Өлеңті орта мектебі




«1001 мақал,101 жұмбақ»
сайыс сабақ




Өткізген: Алданыш Айнагуль
2019 -2020 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет